Гранулдардың бір тобы лизосомалардың модифицирленген түрі болып табылады.
Одан бөлек азурофильді гранулдар (лизосомалар) да бар. Базофилдер, дәнекер
тіннің лаброциттері сияқты, гепарин мен гистаминді ӛңдіреді және қанның ұюы
процесстерін және қантамыр қабырғасының өткізгіштігін реттеуге қатысады.
Базофилдер организмнің иммундық реакцияларға да қатысады.
7.Тромбоциттер, адам қанында ұсақ, түссіз денешіктер түрінде болады, пішіні екі
жағы дӛңес диск тәрізді немесе сопақша, ұршық тәрізді болып келген, ӛлшемі 2-4
мкм құрайды. Тромбоциттер сүйектің қызыл кемігіндегі гигантты – мегакариоцит
жасушаларының цитоплазма фрагменттері (үзінділері) болып табылады. Қан
жағындысын азур II-эозинмен бояған кезде тромбоциттердің ашық түсті
перифериялық бӛлігі -гиаломер және күңғірт түсті, түйіршікті бӛлігі - грануломер
анықталады, олардың құрылымы мен бояуы жетілу дәрежелеріне байланысты түрлі
болуы мүмкін. Тромбоциттердің 5 негізгі түрлерін ажыратады: 1) жас (1-5 %); 2)
пісіп жетілген (88 %); 3) ескі (4 %); 4) дегенеративті (до 2 %); 5) гигантты түрлері –
ӛлшемі 4-6 мкм (2 %). Жас тромбоциттерде гиаломер кӛк түске (базофильді), ал
пісіп жетілгендерді – қызғылт түске (оксифильді) боялады.
Достарыңызбен бөлісу: