құрамдас бөліктерін, эритроциттердің құрылымдарын және сілтілі ақуыздарын
қызғылт немесе қызыл түстес реңдерге бояйды және
олар - ацидофильді немесе
оксифильді деп аталады.
Құрылысы:
1- овоцит орналасқан төмпешік;
2- аналық жыныс жасушасын қоршап жатқан фолликулярлы эпителий;
3- аналық
жыныс жасушаның жылтыр қабығы;
4- сәулелі тәж;
5- саруыз қосындылары;
6- ядрошығы бар ядро.
Қызметі:
Ұрықтану
Ұрық дамуының алғашқы сатыларын қамтамасыз ету
Орналасуы: Адамның аналық жыныс безіндегі аналық жыныс
жасушасында
Анықтама:
Аналық жыныс жасушасы немесе
овоциттер, сперматозоидтарға
қарағанда
аз мөлшерде пісіп жетіледі. Әйелдерде жыныстық цикл (24-28 тәулік)
барысында бір аналық жыныс жасушасы пісіп жетіледі. Сондықтан да, бала
туушылық кезеңі аралығында шамамен 400-ге жуық
аналық жыныс
жасушасы пайда болады.
Аналық жыныс безден овоциттің шығуы овуляция деп аталады. Аналық
жыныс безден шыққан овоцит фолликулярлы жасушалармен қоршалады,
олардың саны 3-4 мыңға жетеді. Овоцитті жатыр түтігінің шашағы іліп алады
да, жатыр түтігі бойымен жылжытады. Осы жерде
жыныс жасушаның пісіп
жетілуі аяқталады