1 аттестация бойынша сұрақтар



Дата07.02.2022
өлшемі16,4 Kb.
#86793
Байланысты:
15.10. Опт
15.10. Опт

1 – аттестация бойынша сұрақтар



  1. Когерентті толқынға және интерференция құбылысына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз.

  2. Монохромат толқындарға анықтама беріңіз.

  3. Уақыт бойынша когеренттілік, кеңістік бойынша когеренттілік дегенді түсіндіріңіз.

  4. Юнг тәжірибесін түсіндіріңіз.

  5. Френель қос айнасынан интерференция алу.

  6. Оптикалық жол ұзындығын жазыңыз, жолдың оптикалық айырмасын жазыңыз.

  7. Интерференцияның максимум және минимум шарттарын жазыңыз.

  8. Интерференциялық жолақтың енін жазыңыз.

  9. Жарық дифракциясының анықтамасы мен шарттары туралы айтыңыз.

  10. Гюйгенс принципін тұжырымдаңыз. Френель принципін түсіндіріңіз.

  11. Френель зонасына анықтама беріңіз, салыңыз.

  12. Дифракциялық тор және оның периоды туралы түсіндіріңіз.

  13. Екі нүктелік жарық көздерінен шығатын толқындардың интерференциясы. Юнг тәжірибесі.

  14. Бірдей көлбеулік жолақтары. Ньютон сақинасын түсіндіріңіз, өтетін және шағылған жарықтар үшін максимум және минимум шарттарын жазыңыз.

  15. Френель дифракциясын, дөңгелек саңылау мен экрандағы дифракцияны түсіндіріңіз.

  16. Фраунгофер дифракциясын сызып түсіндіріңіз.

  17. Жамен екі сәулелі интерферометрінің принципін сызып түсіндіріңіз.

  18. Дифракциялық торлар, дифракцияланған монохромат жарықтың күшею және әлсіреу шартын, дифракциялық тордың дисперсиясы мен ажырату қабілетін жазыңыз.

  19. Көп өлшемді құрылымдағы дифракцияны түсіндіріңіз және Брэгг-Вульф формуласын жазыңыз.

  20. Френель айналарымен тәжірибе жасағанда жарық көзінің жалған кескіндері арасындағы қашықтық 0,5 мм, экранға дейінгі қашықтық 5 м. Жасыл жарықта экранда бір-бірінен 5 мм қашықтықта орналасқан интерференциялық жолақтар пайда болды. Жасыл түстің толқын ұзындығын табыңыз.

  21. Толқын ұзындығы λ монохромат жарықтың параллель шоқтары дифракциялық торға нормаль түседі. Тордың периоды 6 λ -ға тең. Жарықтың үшінші дифракциялық максимумы қандай бұрышта байқалатын анықтыңыз.

22. Дифракциялық тордың тұрақтысы 1,2 мкм болса, толқын ұзындығы 600 нм натриймен сары сызықтарының ең үлкен k спектрін анықтаңыз.
23. Қос дөңес линзаның фокус аралығы 40 см. Нәрсенің шын және өз өлшеміне тең кескінін алу үшін оның линзадан қашықтықтығын табыңыз.
24. Ньютон сақиналарын беретін қондырғының бетіне монохромат жарық түсіп шағылған. Тоғызыншы және он алтыншы күңгірт сақиналардың арасындағы қашықтық 5 мм. Линзаның қисықтық радиусы 50 м. Монохромат жарықтың толқын ұзындығын табыңыз.
25. Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарық көзі диаметрі 2 мм дөңгелек тесігі бар диафрагмадан 1 м қашықтықта орналасқан. Егер саңылау Френельдің үш зонасын ашса, диафрагмадан бақылау нүктесіне дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет