1. Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов


Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин



бет3/6
Дата03.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#108324
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
09.03.21 Философия негіздері 7 Дәріс
Ақырет-өткелдері
2. Қазақ ағарту ісінің көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл және жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889).
Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына халық ауыз әдебиеті, прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Екіншіден, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. («Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!», «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасында», т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды). Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Жастарды инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалары ерекше орын алады. Еңбекті сүю, үлкенді құрметтеу, мейірімділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді қырда өскен балаларға әңгіме, мысалдар арқылы жеткізе білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет