«Әдебиеттік оқу» пәні:
1) көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;
2) халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;
3) әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;
4) сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;
5) әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;
6) отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;
7) әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;
8) әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;
9) сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;
10) оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;
11) анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |