1. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. Сөйлеу аппараттары. Дыбыс пен әріп



бет27/157
Дата24.01.2022
өлшемі338,47 Kb.
#113750
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   157
Байланысты:
гост казак тили

КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
2. Оқулыққа енген материалдарды талдау.
Елімізде реформаға жиі ұшырайтын екі сала болса,соның бірі-білім.Әйтеуір осы салада өзгерістер болады да жатады.Ғылым мен ехнологияның қарқынды дамуы оқыту әдістемелеріне де түбегейлі өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.Осыған сәйкес білім берудің басты құралы-оқулықтар да заман талабына сай өзгеруі тиіс.Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімованың айтуынша,оқулықтар оқушылардың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп,ғылыми дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай,заманға сай жаңаша көзқарас қалыптастырып,өздігіен іздену,оқу қабілетін шыңдай алуы қажет.

Осыған байланысты мектеп оқулықтарында теориялық материалдар мен мәтіндердің көлемі азайтылып,оқып жаттауға лайықталған тапсырмалардың орнына баланы өздігінен ойлануға және ізденуге жетелейтін шығармашылық тапсрымалар,тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу материалдары көбейтілген.Мысалы,бұрынғы «Қазақ тілі»пән оқулығында ережелер,ұғым-түсініктер көп болса,қазіргі оқулықта әртүрлі тақырыптағы мәтін көп.Жаңартылған білім жүйесі-сапаға бағытталған бағдарлама.Оқушыға сапалы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау,зерттеу,жеке,жұппен,топпен жұмыс істей білу дағдысын дамытуға көмектеседі.Мысалы,бастауыш сынып пәндеріне аранлған оқу бағдарламалары оқушыларды шынайы проблемаларды анықтап зерттеуге үйретеді,-дейді Б.Кәрімова.Жаңартылған мазмұн Үкімет қабылдаған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және Білім және ғылым министрлігі бектікен типтік оқу бағдарламаларына сүйене отырып жасалған.Жаңа стандарт боынша,білім беру оқушыларымыздың жан-жақты сауаттылығын дамытуға бағытталуы керек.Басқаша айтқанда,бұрын жеткіншектердің мектеп қабырғасынан қандай білім алып шыққаны маңызды болса,қазір сол білімді өмірде қалай жүзеге асыра алатыны бірінші кезекте қарастырылады.

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының айтуынша,оқулықтарды баспалар әзірлейді.Б.Кәрімованың айтуынша,оқулықтарды әзірлеу,сынақтан және сараптамадан өткізу министрлік арнайы бекіткен қағидалар бойынша жүргізіледі.Сараптама қорытындысынан кейін ескертулері бар оқулықтар баспаларға қайта өңдеуге жіберіледі.Алсараптама критерийлеріне мүлдем сәйкес келмеген оқулықтар іріктеуден алынып тасталады екен.Демек,оқулықтардың алғашқы нұсқасынан бастап,оның сапалы шығуына Қазақстанның әрбір азаматы атсалысып,ұсыныс-пікірін білдіре алады.

Батсауыш сыныптарға арналған бірыңғай базалық оқулықтар енгізіле бастағаны белгілі,яғни 1-4 сыныптар үшін әрбір пәннен бір ғана ең үздік оқулық таңдалып алынады.Бұл да қосымша жауапкершілік.Былтырғы оқу жылында 1-сынып оқулықтары,биыл 2-сынып оқулықтары 30 мектепте сынақтан өткен.Сонымен,алғашқы сараптамадан соң өңделіп,қайта сараптамадан табысты өткен оқулықтар пәндік комиссия қарауына жіберіледі екен.Бұл комиссияның жұмысын Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырады.Биыл пәндік комиссия құрамы кеңейтіліп,оның құрамына оқулықтардың сапасын бағалау үшін Парламент депуттары,қоғамдық ұйым өкілдері,білікті ғалымдар мен ұстаздардан тұратын 120-дан астам адам енген.

Оқулықтарды іріктеудің ең соңғы сатысы-республикалық комиссия.Республикалық комиссия пәндік комиссия мүшелері ұсынған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсыныс туралы шешім қабылдайды.Биылғы сараптама нәтижесі бойынша срапатамаға келіп түскен 2,5,7-сыныпараға арналған 239 оқулықтың ішінен 131 оқулық,яғни 54,8 пайызы 2017-2018оқу жылында білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған.

3. Морфологиялық талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет