БАЙРАКТАР
,
Мехмет Байрактар
(1952) — қазіргі заманғы мұсылман
әлемінің философы. Түркияның Кония қаласында туған. Жоғарғы білім алу
ісін 1973ж. аяқтап, 1979ж. докторантураны тәмамдайды, доцент (1985),
профессор (1991). Түрік тілінен басқа – араб, француз, ағылшын, парсы,
латын, испан, малай, грек, жапон тілдерін жетік меңгерген. Ислам ғылымы
тарихы, ислам ойлау жүйесі, Осман империясындағы ойлау жүйесі,
мұсылман философиясының батыстық көзқарасқа әсері, т.б. тақырыптар
бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |