БЕЛЛ
,
Дэниел
Белл
(1919–2011) — американдық философ,
социолог әрі публицист, постиндустриалдық (ақпараттық)
қоғам теориясының негізін қалаушы, футуролог. Бірде ол өзін
«экономикадағы социалист, саясаттағы либерал және
мәдениеттегі консерватор» деп жазды.
Шығармалары:
«Идеологияның
ақыры»
(1960),
«Келе
жатқан
постиндустриялдық қоғам» (1973), «Капитализмнің мәдени
қайшылықтары» (1976) және т.б.
БЕНЬЯМИН
,
Вальтер Беньямин
(1892–1940) — неміс
философы, әдебиеттанушы және мәдениеттанушы. Жаңа
марксизмнің Франкфурт мектебіне жақын ұстанымда болған.
Өнердің жаңа түрлерінің (фото және кино өнері) қоғамдық
өмірді демократияландыру үрдісіне тигізетін ықпалын
зерттеумен
айналысқан.
Шығармалары:
«Неміс
трагедиясының
пайда
болуы»
(1925),
«Техникалық
репродукциялау заманындағы өнер туындылары» (1936) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |