ВАЛЛА
,
Лоренцо
Валла
(1507–1557) — итальяндық
гуманист,
тарихи-филологиялық
сын-критиканың
көшбасшысы, тарихи
эрудиттер мектебі
нің өкілі.
Өз
идеяларын
эпикуреизм
рухында
қорғады
және
қалыптастырды. «Ақиқаттық игілік тұрғысындағы ләззаттану
туралы» деген трактаттың авторы. Ол шіркеуді, аскетизмді
терістеді, схоластиканы жасандылығы үшін сынады, адам
мүмкіншілігі мен парасатына сенді, ең жоғарғы игілік деп ләззаттануды
ұғынды.
ВЕБЕР
,
Макс-Карл Эмиль Максимилиан
Вебер
(1864–1920)
— неміс социолог-ғалымы әрі философы, тарихшысы және
экономисі. Оның сіңірген еңбегі – жалпы
социология
, саяси
социология, құқық социологиясы, әлеуметтік танымның
методологиясы, дін социологиясы, экономикалық социология,
қазіргі заман капитализм теориясы.
Шығармалары:
«Ежелгі
дүниенің аграрлық тарихы: қоғам бейнесі», «Протестанттық
этика және капитализм рухы». Өзінің тұжырымдамасын ол
«түсінуші социология» деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: |