ГХОШ,
Шри Ауробиндо
Гхош
(1872–1950) — үнділік
философ, ақын, революционер әрі Үндістанның ұлт-азаттық
қозғалысын ұйымдастырушы, йогин, гуру және
интегралдық
йога
ның негізін салушы.
Басты шығармасы:
«Йога синтезі».
Басты идеясы:
өмір - материя мен рухтың күресі. «Өмір
материямен ұдайы күрес жағдайында болады және ол күрес
өмірдің жеңілісімен аяқталып отырады. Араздық ақыл пайда
болғаннан бастап тереңдей түседі, себебі бұл араздық өмірмен
де, материямен де жауласады. Олардың тар шеңбері, түптеп келгенде,
ақылдың аздаған жеңісіне де әкеледі».
Қарастырған мәселелері
- адамның
рухани тазалығы, Пара-Брахманмен жақындасып, өзін-өзі жетілдіруі.
Достарыңызбен бөлісу: |