РАТЦЕЛЬ
,
Фридрих Ратцель
(1844–1904) — неміс
географы және этнологы, социолог; антропогеография,
геополитика
, сондай-ақ
диффузионизм теориясы
ның
негізін қалаушы.
Басты шығармалары:
«Народоведение»,
1885-88; «Антропогеография», (2-т. тұратын) 1882-91;
«Политическая география», 1877; және «Земля и жизнь», (2-
т. тұратын) 1902;
РАЙХ
,
Вильгельм Райх
(1897–1957) —
Фрейдо-марксизм
деп аталатын бағыттың негізін қалаушы. Оның идеясының
басты қағидасы
– адам өмірі мен қызметінің өзегі
ғарыштық табиғаты бар сексуалдық энергия. Қоғам мораль,
этикет, мәдениет арқылы адам энергиясына, аффекттеріне
аяусыз қысым жасайды. Адам мәдениет «қысымында» өмір
сүруге, қауымдастық нормаларына бейімделуге, билікке,
бастықтарға
бағынуға
мәжбүр
–
бұл
адамды
«невротизацияға», оның өзіндік, ақиқаттық «Менінің» өліміне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |