СЕН-СИМОН
,
Анри Клод Анри де Рувруа граф де Сен-
Симон
(1760–1825)
— француз философы, белгілі әлеуметтік
реформатор, утопистік социализм мектебінің негізін
қалаушы.
Басты
шығармалары:
«Өнеркәсіпшілердің
катехизисі» (1823), «Жаңа христиандық» (1825) және т.б.
СОКРАТ
(б.д.д.469–399ж.ж.) — көнегрек философы,
объективтік идеализмнің негізін салушы, Платонның ұстазы.
Ол антикалық мағынадағы диалектиканың да негізін салды.
Сократтық әдіс бойынша ақиқатқа жету – диалогтық,
сұхбаттасу арқылы жүзеге асады. Ол ақиқатты анықтаудағы
өз өнерін «
майевтика
» (кіндік-шеше) өнері деп атады. Ол
жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық
көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері
арқылы жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |