АНАЛИТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
— бұл психоанализдің өзгертілген
нұсқасы. Шығыстық мәдениеттің тәжірибиесіне жүгіну – йогаға,
медитацияға, символикаға, бейсаналықтың аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Фрейд зерттеген жеке бейсаналыққа ұжымдық бейсаналық қосылды. Ол жеке
өмірлік тәжірибие негіздемейтін, бірақ қай мәдениетке жатпасын, қай дәуірде
өмір сүрмесін, әрбір адамның психикасында болатын психиканың мазмұны.
Бұл феномен өзіндік заңдары мен тілді иеленеді, ол ұжымдық
бейсаналықтың архетиптері, белгілі бір әуелгі бейнелер, әуелгі символдар,
барлық
халықтардың
фольклорында
кездесетін
ортақ
сюжеттер.
Аналитикалық психологияның негізін Фрейдтің шәкірті, швейцарлық
психолог және культуролог
Карл Густав Юнг
қалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |