Гегель,
Хайдеггер
және т.б. болмыс мәнін ұғынуға
тырысты. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны
құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ,
жалпылық әлемдік байланысты іздестіреміз.
БРАХМА
(миф) — индуистік үштіктің бас құдайы (Брахма-Вишну-Шива);
әлемді жасаушы.
БРАХМАН
— біртекті заттардың кейбір тобының субстанциясы; абсолютті
субстанция; бар нәрсенің алғашқы негізі; атманға тең абсолютті сана;
варнаның мүшесі. Брахмандар – Үндістанда таптық қоғам қалыптаса
бастаған кезде абыз-брахмандар жасаған ведалық әдебиеттердің түрі. Онда
ведалық мәтіндерге түсіндірме, рәсім-салт жинағы, құдайлар мен патшалар
туралы әңгімелер кезігеді. Шатапатха-Брахман – адамның қасиеті туралы
мазмұнды жинақтың бірі. Басқаша айтқанда, біріншіден, барлық заттардың
негізінде жатқан, одан шығатын, онда бар және оған қайтып оралатын
шындық. Брахман – бұл Упанишадта айтылғандай, Құдайдың атауы.
Екіншіден, көне үнді қоғамындағы абыздық варнаның немесе кастаның
(сословие) атауы. Діни қызметкерлерді Брахмандар деп, ал олар уағыздаған
дінді брахманизм деп атады.
БРАХМАНИЗМ
— ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда
болып, оны алмастырған діни–философиялық жүйе.
БУДДИЗМ
(жадырау, сергектену) — ежелгі Үндістанда (б.д.д.VI-Vғ.ғ.)
пайда болған этикалық–филсоофиялық ілім. Негізін қалаушы –
Достарыңызбен бөлісу: |