КОСМОЦЕНТРИЗМ
—
қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын,
тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер
ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсіндірілетін философиялық
көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және
Ежелгі Грекия).
КРЕАЦИОНИЗМ
—
латынш. – «жарату». Құдайдың әлемді ештеңеден
жаратуы туралы діни доктрина (оны кейбір философиялық ілімдер де
қолдаған).
КРИТИЦИЗМ
— философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән
ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық
өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның
міндеті – ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған
теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.
КӨЗҚАРАС
— метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің
жиынтығы, обьективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін
қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және
олардан туындайтын өмірлік ұстанымдарының, сенімдерінің, идеалдарының,
құндылықтық бағыттарының жүйесі.
КУЛЬТ–ҒИБАДАТ
(латынш. – күтім, құрметтеу) — ерекше тылсым күшке
сену бағытында жасалатын қимыл, әдет–ғұрып, салт–жоралар жиынтығы.
360
Достарыңызбен бөлісу: |