НИГИЛИЗМ
(латынш. - ештеңе) — мәдениет құндылықтарын,
адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару.
НИРВАНА
— (дәлме-дәл ауд. «сөну») толық сабырлық және талғаусыздық
жағдайға жету, нирвана – ең жоғары ләззат деп саналатын будда
философиясындағы адамның жоғары рухани жағдайы. Нирванаға жеткен
адам жердегі бұғаудан ытылып шығып, жоғарымен тілдеседі. Нирвана
адамның жалғыз ғана мақсаты, арманы болуы керек. Бұл жағдайда карманың
жиналуы тоқталып, тұлға мәңгілік сансарадан тыс тыныштыққа бөленеді.
НОМАДОЛОГИЯ
— қазіргі постструктурализмдегі ең жаңа бағыт. Бұл
бағыттың қалыптасуы Ж.Делез бен Ф.Гваттаридің «Капитализм және
шизофрения» деген еңбегіне (1932-1980) байланысты. Адамның виртуальді
кеңістікке қоныс аударуы, обьективті шындықтан алыстауы, мәдениет
феномендерінің симулякрларға айналуы олардың беттің үстімен еркін
қозғалу жағдайын (мысалы, Ғаламтор сайттарында) туғызады. Болмыстың
бұл түрі номадология деп аталады.
НОУМЕН
(гр. тіл. ауд. – ойға қатысты, ақылмен жетерлік нәрсе) — Платон
трансценденттік идеяларды сипаттағанда қолданған ұғым. И.Кант
философиясының таза ақыл идеясын белгілейтін негізгі ұғымы. Феноменге
қарама-қарсы қойылады.
НОМИНАЛИЗМ
(латынш. – атау, есім) — «жалпы адам» дүниеде жоқ, адам
қашанда нақты бейне. Ал «адам» деп жалпы айту тек нақты адамдардың
бәріне тең, ортақ ұғым. Осы пікірді жақтаушылар – «номиналистер» деп
аталды («Адам – тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы атаумен аталады»).
Универсалиялар мәселесін шешудегі реализммен және концептуализммен
қатар ортағасырлық батысевропалық философияның негізгі бағыттарының
бірі.
370
НООСФЕРА
(ақыл–парасат сферасы) — биосфера дамуындағы, адамның
рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең.
Ұғымды ХХғ. -20ж. француз философы
Достарыңызбен бөлісу: |