1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/454
Дата14.12.2021
өлшемі6,3 Mb.
#127173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   454
Байланысты:
Totin Filosofia

ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ 

 ............................... 254 - 332 

 



 



ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕРМИН-СӨЗДЕР

   .............................. 333 - 399 

  



 



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  ...............................................  400 - 402 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


4

 

 



 

      КІРІСПЕ 

 

Қазіргі  жастардың  санасында  философия  және  философиялық  ойлау 



жөнінде  түрлі  пікір-көзқарастар  қалыптасқан.  Олар    философияны  ақылмен 

түсініп-білу мүмкін емес, тым күрделі «қатып қалған ғылым» деп есептейтін 

болса,  кейбіреулерінің  ойынша  нәтижесіз  өтірік  ақылсыну,  тіпті    адамның 

өмір  сүруі  барысында  оның  ешбір  қажеттігі  жоқ  деп  түсінеді.  Үшінші 

біреулері,  әрбір  адам  өз  қадір-қасиетімен,  өз  ақыл-ойымен  өзінше  философ 

дегенді  айтады.  Жасыратыны  жоқ  кейбіреулері  өзінің  надандығына, 

өркөкіректігіне, 

өзім-білемдігіне 

қарамастан, 

ешбір 


дайындықсыз 

философияны оқымастан философиялық ойлауға болады деп те санайды.  

 

Жалпы,  біз  заман  ағысына,  оның  ерекшелігіне,  қазіргі  жаһандану 



үрдісіне,  қазіргі  адамзат  баласының  бірлесу  немесе  тіресу  үрдістеріне  назар 

аударуымыз  керек.  Бұл  –  қоршаған  ортаның,  табиғаттың  жылдан-жылға 

өзгеруі,  адам  баласының  жер  ресурстарын  жабайылықпен  пайдалануы, 

әлемдегі алдыңғы қатарлы державалар арасындағы салқындықтың сақталуы, 

түрлі  діндер  мен  ұлттардың  арасындағы  қақтығыстардың  көрініп  қалуы, 

экстремизм және терроризмнің әр жерлерде бой көтерулері, т.б. да осындай 

қауіп-қатерлі  жағдайлармен  байланысты  болса,  бір  жағынан  адамзаттың  игі 

істерімен  де  байланысты  қарама-қайшылықты  үрдіс.  Сөз  жоқ,  осындай 

күрделі әрі мәңгілік  мәселелерді тек философиялық ойлау деңгейіне жеткен 

адам ғана оны өз бетінше шешуге батыл бара алатыны анық.  

          Ақыры,  адам  өзінің  мәңгі  өмір  сүрмейтінін  ұғады.  Осындай 

экзистенциалдық  мәселеде  әрбір  адам  өз  өмірінің  мәні  жөніндегі  сауалға 

келіп  тірелетіні  сөзсіз.  Ешбір  ғылым,  айталық,  физика,  химия,  биология, 

әдебиет,  тарих,  саясат,  т.б.  да  емес,  тек  -  философия  ғылымы  ғана  бұл 

мәселені  ашып-көрсетуге  күш  салады.  Яғни,  өмірдің  мәні  мәселесі  бүгінгі 

күндері де философияның басты  проблемасына айналып отыр.  

         Сондықтан,  өзінің  белгілі  дүниетанымына  сай,  өзінің  белгілі  дәрежеде 

дүниеге  деген  көзқарасы  қалыптасқан,  философиялық  ғылымды  пір  тұтқан 

жан  ғана  болашақта  қажетті  әрі  мақсатты  тұлға  болып  қала  бермек.  Ал,  ол 



5

 

 



үшін  міндетті  әрі  саналы  түрде  адамзат  баласы  ғасырлар  бойы  жинақтаған, 

талдаған,  сұрыптаған,  бір  жүйеге  келтіріп  зерттеген  –  рух,  сана,  материя, 

болмыс,  қоғам,  табиғат,  мәдениет,  адам  және  болашақ  жайлы  ақыл-ойдың 

жиынтығы болып саналатын осы бір көне гуманитарлық пәнді оқу керек. Ең 

бастысы,  Тәуелсіз  Қазақ  Елінің  ертеңгі  болашағына  өз  үлесімді  қосамын 

деген  білікті  маман,  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  зерделі  азамат  болып,  ел 

тағдырын  шешуге,  қоғам  дамуының  жауапкершілігін  өз  мойынына  алуға 

ұмтылған әрбір қазақ жастары үшін бүгінгі таңда философияны оқып-үйрену 

өте қажет. 

        «Философия»  (кесте  түрінде)  атты  оқу  құралы  жоғарғы  және  орта 

кәсіптік  білімі  бойынша  оқып  жатқан  студенттердің  емтиханға 

дайындалуына 

көмектеседі. 

«Философия», 

«Философия 

тарихы», 

«Философия  негіздері»  және  «Философия  тарихына  кіріспе»  атты  пәндерді 

оқуда аталмыш еңбек философия  ұғымы және оның әлеуметтік-мәдени рөлі, 

Шығыс  және  Батыс  философиялық  ойдың  дамуы  мен  қалыптасуы  тарихы, 

онтология  шеңберіндегі  өзекті  философиялық  мәселелер,  сондай-ақ 

натурфилософия, 

философиялық 

антропология, 

гносеология, 

дін 

философиясы,  әлеуметтік  философия,  тарих  және  мәдениет  философиясы, 



жаһандану және болашақтағы өркениет мәселелері философиясы сияқты (10) 

он тақырыпты қамтиды. 

       Оқу  құралы  студенттер  мен  магистранттардың  немесе  оқытушылардың 

жұмысын  жеңілдету  мақсатында  ең  маңызды  деген  философиялық  және 

пәнаралық  ғылыми  термин-түсініктемелермен,  философиялық  анықтамалық 

пен  оларға  қажетті  деген  негізгі  және  қосымша  ғылыми  әдебиеттермен  

толықтырылған.  «Философия»  (кесте  түрінде)  еңбегін  дәріс  және 

практикалық  сабақтары  барысында  қосымша  материал  ретінде  пайдалануға 

да әбден болады.  

 

 



 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   454




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет