ТЕХНИКАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТ ТЕОРИЯСЫ
— өркениеттің негізгі өлшемі,
критерийі
–
техниканың даму деңгейі (Д.Белл, З.Бжезинский, Р.Арон).
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТЕРМЕНИЗМ
— қоғамдық-экономикалық
құрылымдардың дамуындағы шешуші фактор – өндірістің техникалық және
технологиялық жақтарын өзгерту деп тұжырымдайтын методологиялық
ұстаным.
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ
(ағылш. – төзімділік, көнбістік) — басқа ойға,
көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға
төзімділік, түсіністік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Мысалы, исламдық
төзімділік – басқа монотеистік діндерге
сеніммен төзу
деген мағынаны
береді. Исламдағы толеранттылық ұстанымы басқа діни сенімді насихаттауға
мүмкіндік беретін ұстаным ретінде қалыптасқан. Исламдық толеранттылық
діни толеранттылық ретінде діни еркіндікке негізделеді. Толеранттылық
конфессияаралық сұхбат арқылы іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |