ГУССЕРЛЬ
,
Эдмунд Густав Альбрехт Гуссерль
(1859–
1938) — неміс философы, феноменологияның негізін
қалаушы.
Шығармалары:
«Картезиандық ой-тоғамдар»,
«Таза
феноменологияның
идеялары»
«Европалық
ғылымдардың дағдарысы» және т.б.
Оның
негізгі идеясы
көптеген батыстық ойшылдарды, ең алдымен, Декартты
мазалап жүрген идея – философия мен ғылымның қас жауын,
зұлым әрі айлалы скептік пен релятивисті жеңу,
скептицизмнің шабуылына төтеп беретін мәдениеттің тұрақты және берік
негіздерін табу болатын. Бірақ бұл классикалық мәселені Гуссерль
бейклассикалық тәсілдермен шешеді. Ол батыстық философияның
классикалық қағидатынан, яғни психиканы санамен, ал сананы таныммен
барабар деуді жоққа шығарады (Онымен қатар дәл сондай қиратушы
жұмысты оған бейтаныс Зигмунд Фрейд жүргізеді, ол психикалық концепті
бейсаналық бөліктерді енгізу арқылы кеңейткен).
Достарыңызбен бөлісу: |