ЮНГ
,
Карл Густав Юнг
(1875–1961) — психоанализдің
жаңа бейнесін, бейсаналықтың басқа типін, яғни
«ұжымдық
бейсаналық»
түсінігін ұсынған, швейцарлық психолог әрі
мәдениеттанушы және З.Фрейдтің ең жақын шәкірті.
Ұжымдық бейсаналық туралы, тұлғаның екі орталығы – «эго»
мен «өздік болмыс» туралы ілімге сүйенген Юнг тұлғалардың
психологиялық типологиясын жасаған. Ежелгінің адамдары,
дейді ол, тұлғалардың, мінездердің типологиясын ұсынған
және оны аффективті өмірдің ерекшеліктеріне негіздеп, соңғысының жердің,
судың, ауаның, оттың ғарыштық элементтерімен байланысын анықтаған.
Адам ағзасында да сол элементтерге сәйкес келетін «сөлдер» жиналады және
олардың
қайсібірінің
басымдылығы
белгілі
бір
темпераментті
қалыптастырады. Юнг өзінің алдында болғандардың еңбектерін бағаласа да,
олардың ойлау жүйесіне ермейді, яғни ішкіден, психикалықтан сыртқы
физикалыққа қарай жүруді негіздейді, психологиялық типологияны жасап,
өткеннің көптеген философиялық ілімдерінде ұқсас нәрселерді табады.
Достарыңызбен бөлісу: |