АЛЫНУ
—
Г.В.Ф.Гегель енгізген категория. Онда алдыңғы жағдай
терістелетін даму кезеңі ретінде немесе оның маңызды бөліктерінің
бағынышты жаңа жағдайының сақталуы тіркеледі.
АДАБ
(ділмарлық) — білімді (адиб) адамға қажетті зиялылар білімінің
жүйесі. Адабқа – поэзия, әдебиет, мәдениет теориясы, тарих, мәдениеттану,
этика, эстетика, поэзия философиясы, тіл философиясы, риторика, фольклор,
ертегілер жатады. Адабтың жалпы мағынасы – әдебиет. IXғ. бір жүйеге
келтірілген. Адабтың мәні әдебиет арқылы адамның тәрбиесі мен білімі
болды. Адаб мәні жағынан мәдениеттану деп есептеледі. Адабты (әдепті)
әдебиет жаратылыстанулық, тарихи, географиялық, музыкалық, поэтикалық,
көркем құралмен әдеби білімді ашатын мәдениеттің өзіндік энциклопедиясы
болып табылады. Теологиядан (каламнан) айырмашылығы, фәлсәфа, ғылым
стилі және адабты беру формасы жеңіл болған.
АДИТИ
(миф. «шексіздік») — ведалық храмның құдайы. Оның түрлі
қызметі аталып өтеді: ол – Адитьидің анасы.
335
АДИТИЛЕР
(миф) — Адитидің ұлдары – Варуна, Митра, Васу және
басқалары. Ұлдарға түрлі қызмет жүктелінеді, негізгісі – жылдың он екі айын
құрайды.
АДХВАРЬЮ
— Яджурведалық гимндерді оқу міндетін атқаратын абыз.
Достарыңызбен бөлісу: |