1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Бес – алты жастағы балалардың грамматикалық құрылымын



Pdf көрінісі
бет26/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

2. Бес – алты жастағы балалардың грамматикалық құрылымын 
қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері.
Грамматика бойынша жүргізілетін жаттығулар балалардың осыған дейін 
үйреніп болған лексикалық және фонетикалық материалдарын бекітуге 
арналған жаттығуларымен қатар жүргізіледі. Балалар алдын ала аздаған сөз 
мөлшіерін үйренбейінше, дыбыстарды қалай айтуды және сөйлем 
интонациясының ерскшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар 
жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту 
олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту 
процесінде жүреді. 
Тәрбиешінің негізгі міндеті балаларды практикада фразалық тілді 
пайдалана білуге үйрету, яғни тілде негізгі грамматикалық категорияларды 
дұрыс пайдаланудан, сөзді практикада жекелік, көптік, септік, шақтық, 
жақтық формалармен түрлендіру дағдысын қалыптастырудан тұратын себебі 
сол. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін тәрбиеші пәндік сабақтарда арнайы 
грамматикалық жаттығулар жүргізеді. 
Біздің 
тіліміздегі 
сөздердің 
жартысынан 
көбі 
зат 
есімдерден 
құралатындықтан, грамматикалық құрылым үстінде жүргізілетін жұмысты 
зат есімдермен танысудан бастау керек, зат есімдердің түрленуі негізінде 
басқа сөз таптары да өзгеріске түсіп отырады: сын есімдер — септіктерге, 
жекеше, көпше түрге; сын есімдер мен етістіктер өткен шақта — жекеше, 
көпше түрге түрленеді. 
Зат есімдердің түрленуі үстінде жүргізілетін жұмысты табыс септігінен, 
яғни табыс септігін атау септігімен салыстыра отырып бастау керек, сонан 
соң өте нақты және түсінуге жеңіл септіктер ретінде барыс пен көмектес 
септікті үйрету керек, тек содан кейін ғана ілік септігі мен жатыс септігінің 
кейбір мағыналарымен, осы септіктердің негізінде жасалған жатыс 
септігіндегі тіркестермен және кайда? (кай жерде?), (қайда? (қай жақта?), 
қайдан? деген сұрақтардың айырмашылықтарымен таныстыру керек. 
Мекендік үстеулерді түсініп игеруге ерекше көңіл болу керек. Жатыс 
септігіндегі тіркестер септіктердің басқа негізгі формаларымен байланысты 
болып келеді, сондықтан практикада үстеулермен танысуды септіктермен 
бірге жүргізген қолайлы. Ең алдымен балалар ішінде - үстінде; астында - 
түбінде; жанында - қасында - маңында; алдында; артында деген үстеулердің 
айырмашылықтарын түсінуі керек. Аталған үстеу сөздер күнделікті өмірде 
жиі қолданылатын, түсінуге жеңіл әрі оңай сөздер. Мысалы: қарындашы 
қораптың ішіне, үстіне, астына қой; қораптың үстінен қарындашты ал; 
қарындашты қораптың ішінен алып таста; оны қораптың жанына 
қатарластырып қой. Бұл түсінікті бекіту үшін әрекет пен тілді салыстырып 
отырған өте маңызды. 
Балалар сөйлегенде үстеулерді пайдалана білуге үйрету кезінде оны 
интонация арқылы бөлектеп, ерекшелеп көрсеткен дұрыс: үстел үстінде, 
астында жатыр; үстел үстінен, терезе алдынан алып тастады; үстелдің астына 
қойды, үстелдің астында отырды. 


88 
Балалар зат есімнің септік тұлғаларын үйреніп болғаннан кейін, оны сан 
есімдермен бірге қолдана білуге үйрету керек. Ол үшін практикада зат есімді 
бір деген сан есіммен тіркес құрап (бір шабдалы, бір алма, бір алмұрт) 
пайдалануға болады. Әрине, бұл кезге дейін балалар бір, көп деген сөздерді 
айыра білуге тиіс. Балалар әр түрлі сөздерді іріктеп ала отырып, бір сөзін 
олармен байланыстыра айтып үйренеді. 
Бала үш жасқа қарағанда белгілі мөлшерде етістік лексикасын: ішу, беру 
етістіктерінің тұйық рай тұлғасын және жүре бер, алып бар, жу тәрізді 
бірқатар етістіктердің бұйрық рай тұлғасын да меңгереді. 
Балаларды етістіктің өткен шағымен таныстыруды олар зат есімдердің 
септік жалғауларын үйренгеннен кейін бастау керек. Етістіктің өткен шағы, 
әдетте, жеңіл меңгеріледі және балалардың негізгі сөздік қорына енеді. 
Етістіктің өткен шағының материалдары негізінде балалардың тіліне сан 
есімдер оңай енетін болады. Сонан соң бала боламын етістігімен келер шақ 
тұлғасын меңгереді. Баланың тілінде келер шақ төрт жасқа қарай пайда 
болады. 
Балалардың тіліне етістіктің түрлі тұлғаларын енгізудің ең дұрысы «әрекет 
- тіл» тәсілін пайдалана отырып, етістіктерге жалғанатын қосымшаларды 
қарастыру үстінде жүргізілетін жұмыспен байланыстыру керек. Мұнымен 
қоса бала белгілі бір картинаға сүйене отырып, қосымшамен келген етістіктің 
(кетті, кірді, келді, шықты) мағыналық реңкін байқай алуы мүмкін. Балалар 
қосымшалардың мағынасын үйреніп болғаннан кейін ғана, оның үстеулермен 
арақатынасын белгілеуге болады (... ішіне кірді. ... артынан кірді, ... ішінен 
шықты, ... сыртын айналып шықты және т. б.). 
Болашақ тәрбиешілерге арнайы грамматикалық жаттығуларды жүргізу 
кезінде мынадай үлгілік дидактикалық материалдарды ұсынамыз: 
Зат есімдерді табыс, барыс, көмектес, ілік септіктері бойынша үстеу 
сөздерсіз және табыс, барыс, көмектес, ілік, жатыс септіктері бойынша үстеу 
сөздермен қолдану: 
а) сабақты етістіктерден кейін келген табыс септігіндегі зат есімдер: 
Балалар сурет салады, кітап оқиды, ертегі тыңдайды; Зоя тәтей ботқа пісірді, 
пирог пісірді; Витя ойыншыктарды жинайды; Таня пол жуады; Мамам 
ойыншық сатып әкелді; Мен телевизор көріп отырмын; Осы бөлімде өздік 
және өзгелік етістіктердің қолданылуын бөліп көрсетуге болады: Мен киініп 
жатырмын. - Мен қуыршақты киіндіріп жатырмын. Мен жуынып жатырмын. 
- Мен аюды жуындырып жатырмын. Мамам таранып жатыр, - Мамам қызы 
Таняның шашын тарап жатыр; 
ә) болады, керек, болмайды сөздері қатысқан етістіктермен келген барыс 
септігіндегі зат есімдер: Сережа Петяға қарындаш берді; Таня күтушіге 
көмектеседі; Маған мамам қуыршақ сыйлады; Юра папасына кедергі 
жасайды; Балалар елкаға қуанды; Кітапты Алешаға беру керек. Таняға 
бақшаға баруға болады. Таняға бақшаға баруға болмайды; 
б) ілік септігіндегі зат есімдер (меншіктілік, сан есіммен бірге ілік 
септігінің қолданылуы): Бұл малақай Игорьдікі, бұл үй Мишканыкі, ағамның 


89 
кітабы; Мен бір (екі) қарындаш әкелдім; Ол үиі алмұрт жеді; Петя Таняға 
төрт кубик (марка, қарындаш) берді; 
в) көмектес септігіндегі зат есімдер (қимыл құралы): Мен қарындашпен, 
бормен сурет саламын; Балалар қолын жылы сумен жуады; Таня тісін 
пастамен тазалайды; қолды сүлгімен сүрту қажет; 
г) кедістіктік қатынастарды білдіру үшін кызмет ететін, сөз тіркесінде 
келіп, кайда (қай жерде?), кайда? деген сұрақтарға жауап беретін үстінде, 
басында, ішінде, алдында, жанында, қасында деген үстеулері бар зат есімдер: 
Бақшаға (қайда?) барамын; Бақшада (қайда?) болдым; Бақшадан (қайдан?) 
келемін; Аю ағашқа (қайда?) шықты; Аю ағаштың үстінде (қайда?) отыр; Аю 
ағаштан (қайдан?) түсті; Құс бұтаның басында (қайда?) отыр; Құс бұтадан 
(қайдан?) ұшып кетті; Катя орманның ішіне (қайда?) кірді; Катя орманда 
(қайда?) болды; Катя орманнан (қайдан?) қайтып келді; Балалар парктің 
ішінде (қайда?) серуендеп жүр; Жүк машинасы көгалда (кайда?) кетіп 
барады; Мен көшеде (қайда?) болдым; қаланың ішін (қай жерді?) араладым; 
Шкаф терезенің (қабырғаның) алдында (жанында) тұр. Ағаштың үстінде 
отыр құрылымы мен ағашта отыр құрылымын салыстыру; 
д) қайда? қайдан? деген сұрақтарға сәйкес айтылып кеңістіктік қатынасты 
білдіру үшін қызмет ететін үстеулермен келген зат есімдер: Петя ағашқа 
жақын келді; Петя ағаштан алыс кетті. Қосымшалар мен үстеулердің сәйкес 
келуі (6). 
Етістіктер: а) қимыл етістіктсрі: кету, жүгіру және басқа, ә) хал-күйді 
білдіретін етістіктер: ұйықтау, жеу, сөйлеу, б) әрекетті білдіретін етістіктер: 
сурет салу, жапсыру, қозғау және басқа; в) қосымшалы және қосымшасыз 
етістіктер: жүру келді; сурет салу - суретін салу; ... жөнінде сұрау; г) өздік 
етістіктер: ертеңгілікті әзірлеу - ертенгілікке әзірлену, ойыншықты көтеру - 
басқышпен көтерілу, лифтімен көтерілу. 
Материалдың түсін, тұлғасын білдіретін сын есімдер, сын есімнің 
салыстырмалы шырайы: көбірек, артығырақ, жіңішкерек, биігірек, қысқарақ, 
ұзынырақ және т.б. 
Біз бұрын айтып өткеніміздей, тәрбиеші арнайы сабақтарда балаларға 
тілдік практика ұйымдастырады. Ондай сабақтарға арналған материал 
ойыншықтар, киімдер, аяқ киімдер, ыдыстар, тағамдар болуы мүмкін. 
Балаларды кажетті грамматикалық тұлғалармен фраза жасауға үйрету үшін 
ең қарапайым ойын әрекетін негізге алуға болады. Ойын әдісі белгілі бір 
грамматикалық құрылым бойынша балалармен әңгімелесудің фоны ретінде 
барлық септік тұлғаларын орнықтыру үшін пайдаланылады. Мысалы, 
тамақтандыру процесін көз алдына елестете отырып, мынадай құрылымдар 
жасауға болады «Мамам Петяны (таб. с.) сорпамен, ботқамен (көм. с.) 
тамақтандырады»; «Үстелге тағы кімді отырғызды? — Аюды (таб. с.) 
отырғызды»; «Оған не берді?» — Ас қасықпен шай қасықты (таб. с. зат есім 
мен сын есім); «Неден жейді?» — «Тарелкадан» (шығ. с); «Неден ішеді?» — 
«Шыныдан» (шығ. с). Ойынның өзі және сұрақтар жүйесі баланы фразаларға 


90 
құлақ қоюға үйретеді, әр түрлі септік тұлғаларын пайдаланып, сейлемдер 
құрастыруға көмектеседі. 
Балаларға үстеулерді қолдануды үйрету сабақтарында міндетті түрде 
заттардың кеңістіктегі арақатынастарын көрсету керек. Ол үшін кубиктерді, 
пирамидаларды, кітаптар мен басқа да ойыншықтарды пайдалануға болады. 
Көрсетілетін әрекетті, мысалы, үйшік салуды, сөйлей отырып жасау қажет: 
«Кубиктің үстіне кубик қойып, қабырға тұрғызамыз. Қабырғаға таяу үстел 
тұр. (Зат пен қабырғаның орналасуын көрсету.) Үстелдің, жанында маймыл 
мен түлкі отыр. (Көрсету.) Үстелдің үстінде шынылар, үстелдің астында 
скамейка тұр». Нәрсенің, үстелдің астындағы және үстелдің үстіңдегі 
жағдайын міндетті түрде көрсету керек, сонда бала үстеулермен келген сөз 
тіркестерін оңай меңгереді және, ең бастысы, нәрселердің арасындағы нақты 
қатынасын ұрыс атайтын болады. 
Жануарлар туралы заттық картинкалар немесе лото, жұмбақтар 
пайдаланылады. Сұрақтар: «Ненің мүйізі?», «Ненің құлағы ұзын?», «Ненің 
жүні жұмсақ?», «Ненің тырнағы өткір?», Балалар өздері айтып жүретін 
заттары туралы сөйлемдер құрай отырып, оларды картинадан көрсетуге тиіс. 
Ішінде, үстінде үстеулері мен қосымшалардың өзгеруі арқылы жасалған 
құрылымдар. «Картиналар қайда жатыр?» - «Папканың ішінде, үстелдің 
үстінде», «Жәшіктің ішінде отырған аюдың суреті салынған картинканы 
алып таста. Ол қайда жатыр?» «Үстелдің үстіне алып қой. Енді ол қай жерде 
жатыр?». Жағдайдың ұксастығы бойынша бір-біріне жақын қимыл-әрекет 
түрлерін айыра білуге үйрету: жуып жатыр, - жуынып жатыр - кір жуып 
жатыр; жүгіріп барады - секіріп жатыр; жатыр - ұйықтап жатыр; алып барады 
- көлікпен алып барады; тазалап жатыр - сыпырып жатыр; құрылыс салып 
жатыр - жөндеп жатыр. 
Бұл сөздердің айырмашылығын сөз арқылы білдіретін белгілі бір уақиға 
құру, қимыл-әрекетке еліктеу жолымен көрсеткен дұрыс. Мысалы: Таня 
қуыршақты жуып жатыр; Таня кір жуып жатыр; Таня ойыншығын жуып 
жатыр. 
Балаларды мағынасы жағынан қарама-қарсы әрекеттердің атауларын айыра 
білуге үйрету. Мысалы: пальтоңды түймеле - пальтоңның түймесін ағыт; 
пимаңды шеш - пимаңды ки, бантигіңді байла - бантигіңді шеш; бөлмеге кір - 
бөлмеден шық; радионы қой - радионы өшір. 
Мысалы, кішірейту, үлкейту жұрнақтары сияқты сөз тудырушы 
элементтердің мәнін түсіну үшін заттарды атай отырып, сол заттар 
бейнеленген картинкаларды пайдалануға болады және сол заттар бір-бірінен 
қандай белгілері арқылы өзгешеленегінін айтып отырған дұрыс: шар - 
шарына, күрек - күрекше, үй - үйшік, үстел - үстелше. Заттар аталып 
шыққаннан кейін, картинкаларды салыстырып, нәрселердің көлемін анықтап 
отырған пайдалы болады: үй - қандай? ал үйшік - қандай?, күрек - қандай? ал 
күрекше - қандай? 
Бала төрт жасқа келгенде оның бірыңғай мүшелерден сөйлем құрап 
үйренуіне, сондай-ақ оның тіліне жалпы ұғымдарды енгізуге көп көңіл 


91 
бөлінеді. Сабақтарда әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: картинкалар бойынша, 
негізгі сөздер бойынша, көрсетілген қимыл-әрекеттер бойынша, сөйлемнің 
жетпей тұрған сөздерін толықтыру арқылы сөйлемдер құру. Мысалы, 
балалардың әр түрлі группаларында қоян, түлкі, ақтиін, қаскыр тәрізді 
андарды; жемістерден: алмұрт, алма, қара өрік; мебель: үстел, орындық, 
шкаф тәрізді заттарды бейнелейтін картинкалар болады. Балалар ең алдымен 
«Картинкада не бейнеленген?» деген сұраққа жауап болатындай сөйлемдер 
құрастырады. Сонан соң тәрбиеші: «Орманда... мекендейді» деп сөйлемнің 
бастамасын айтып береді. Балалардың қай тобында аңдардың суреті 
бейнеленген картинка болса, сол топ бұл сөйлемді әрі қарай жалғастырады: 
«Орманда ақтиіндер, түлкілер, қояндар, қасқырлар мекендейді». Қалған 
сөйлемдер де осылай құралады: «Бақта алмұрт, алма, қара өрік пісті». «Бала 
бақшаға үстел, орындық шкафтар әкелді». Осыдан кейін балалар 
жалпылаушы сөздерді атап, соларды қатыстырып сөйлемдер құруының 
маңызы зор: «Орманда аңдар: қасқыр, түлкі, қоян мекендейді», «Бала 
бақшаға жаңа мебель: үстел, орындық, шкафтар әкелді». Сөйлем «құрау 
барысында балаларды әр түрлі грамматикалық формаларды қолдана білуге 
жаттықтыру керек: «Бақта жемістер: алмұрт, алма, қара өрік көп», «Орманда 
аңдар: қоян, ақтиін, кірпі көп» және басқалар. 
Бірыңғай анықтауыштармен сөйлем құрау кезінде балалармен «Мынау не 
екенін тап» ойынын ұйымдастырып өткізуге де болады. Ойынды жүргізуші 
есіктен шығады, балалар бұл кезде тәрбиешімен бірге бір затты таңдап алып, 
оны сипаттайтын белгілерді атайды. Ойынды жүргізуші ішке кіреді, ал 
балалар: «Ол дөңгелек, сары, тәтті, құйрықшасы бар, пайдалы», - деп 
сипаттай бастайды. Бала оның шалқан екенін айтуға тиіс. Немесе: «Ол үлкен, 
дөңгелек, резеңке, қызыл (доп)». Дұрыс тапқап бала аздаған сыйлық алады. 
Бірыңғай баяндауыштары бар сөйлемдер құрастыру үшін «Есіңе сақта да 
ата» ойынын өткізуге болады. Тәрбиеші ойынды жургізушіге ешкім 
естімейтіндей етіп тапсырма береді: «Үстелге жақында, қызыл қағазды ал, 
оны екіге қи, оларды Петяға бер». Ойынды жүргізуші тапсырманы орындауға 
кіріседі. бұл кезде балалар оны зер салып бақылайды. Қорытындыда балалар 
оның не істегенінін бәрін бір-бірлеп айтып беруге тиіс, мысалы: «Вова 
үстелге жақындады, кызыл кағазды алды, екіге қиды, оларды Петяға берді». 
Кім ойынды жүргізушінің істеген қимыл - әрекетінің барлығын дұрыс айтып 
шықса, сол жеңіп шығады. 
Тіл ұстарту - тілдік грамматикалық модельдерді қалыптастыру үшін 
орындалатын жаттығулар жұмыстың басқа түрлерімен комилекстік формада, 
мысалы, кітап оқумен байланысты жүргізілуі мүмкін. Бұл жаста оқылатын 
материалдар үшін балаларға жақын әрі түсінікті шағын ертегілер, өлеңдер 
алынады. Бұл шағын шығармаларды оқу оқылатын тексте сәйкес келетін 
ойынмен, қимыл-әрекетпен ұштастырылады. Оқылған текст бойынша 
әңгімелесу балалардың диалогтық тілінің дамуына жағдай жасайды. 
Бұл жастағы балалар жекеше және көпше зат есімнің септік тұлғалары, 
көптеген сын есімдердің септік, көптік жалғауларымен түрленуі, етістік 


92 
формаларының, 
үстеулердің 
дұрыс 
қолданылуы 
тәрізді 
негізгі 
грамматикалық формаларды меңгере алады және меңгеруге тиіс. Бес жасқа 
келген бала кейбір сөйлем типтерінің қиындық туғызатынына қарай жай 
сөйлеу кезінде күрделі сөйлемдерді пайдаланады. Оларда үстеулер мен 
көмекші сөздер әр түрлі мәнде жұмсалады. Ол әсіресе мебель, тамақ, ыдыс, 
өйыншықтар, транспорт деген сияқты жалпылауыш сөздерді көп қолданады. 
Сөздік қорының молая түсуіне байланысты онық тілі негұрлым байланысқан, 
жүйелі бола береді. Бес жастағы балалар өздерінің құрған сейлемдерінде 
өздеріне қажет таныс себеп- салдарлық құбылыстардың байланысып айтып 
бере алады, мысалы: «Маған ертең- бақшаға барудың қажеті жоқ, себебі 
ертең жексенбі»; «Түнде жаңбыр жауған, сол себепті асфальттің үстінде 
көлшіктер жатыр» және басқа. 
«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасына» сәйкес тәрбиеші осы 
жастағы балаларға негізгі сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын дұрыс 
қолдана білуге үйретуді одан әрі жалғастырады. 
Балаларды сөйлеу кезінде мезгілдік, мақсаттық, себептік синтаксистік 
қатьшастарды (қашан? қандай мақсатпен? қандай мақсат үшін? неге? 
неліктен? деген сұрақтарға жауап беретін) қолдана білуге үйрету қажет. 
Мысалы: «Ертең бізде ертеңгілік болады»; «Бізде дене шынықтыру сабағы 
жұма күні, түстен кейін болады»; «Январьда, қар көп өте аулада»; «Осы 
аптада біз қуыршақ театрына барамыз» дегенде мезгілдік қатынастар бар. 
«Бұл азық кұстарға арналған, ал мынау балықтар үшін» дегенде мақсаттық 
қатынастар бар; «Жаңбыр жауып тұрғандықтан, біз қыдыруға бармаймыз»; 
«Қыдыруға бармаймыз, өйткені жаңбыр жауып тұр» дегенде себептік 
қатынастар бар. Келтірілген мысалдар тіл үйренуге арналған арнайы 
сабақтарда қандай құрылымдарды үйрету қажет екендігін көрсетеді. 
Сабақтар үшін ұсынылатын дидактикалық материалдар етістіктің шақ, сан-
мөлшер, жақ категорияларын үйренуге, сөйлеу кезінде етістіктерді пайдалана 
білуге жағдай жасауға тиіс. Істелініп жатқан және істелініпі болған қимыл-
әрекеттерді айыра білуге үйрету үшін оларды таныс оқиғалармен 
байланыстыра отырып, оған нақты сипаттар беру керек. 
Сөйлем құру кезінде бүгін, қазір, енді деген үстеулерді осы шақ 
етістіктермен кеше, баяғыда, жақында деген үстеулерді өткен шақ 
етістіктермен байланыстырудың маңызы зор. 
Балаларға етістіктің осы шағы мен келер шағын қолдана білуді үйрету 
сабақтарының мүмкін болатын формаларының бірі қолданылған етістіктің 
осы шақ немесе өткен шақ тұлғасы көрсетіліп отырған қимыл-әрекетпен 
сәйкес келуі болып табылады. Тәрбиеші балаларға белгілі бір қимыл-әрекет 
жасауды ұсынады: сурет салу, құрылыс салу, жинау (бір нәрсені), киіндіру, 
тамақтандыру (қуыршақты). Сонан соң бұл қимыл-әрекеттерді орындау 
кезінде және одан кейін де ол әркімге көңіл аудара отырып, сол қимыл-
әрекетті қалай аяқтағандарын сұрайды: «Сен қазір не істеп жатырсың?» 
(«Мен самолеттің суретін салып жатырмын, мен үй салып жатырмын» және 
т. б.), «Сен не істедің? («Мен самолеттің суретін салдым»). 


93 
Арнайы жаттығулардың едәуір бөлігін құрмалас сөйлемдер (салалас 
құрмалас, сабақтас құрмалас) құру жұмысы алуға тиіс. Бұл үшін сөйлесудің 
сұрақ-жауап түрін пайдаланған жақсы. Балалар алдымен қойылған сұрақтың 
жауабы болатын құрмалас сөйлемнің тек екінші бөлігін айтатын болады 
(«Неге бүгін группада Таня жоқ?» — «Өйткені ол ауырып қалды»), Мұнан 
әрі балалардың бағыныңқы сөйлемдерді қолдануда жиі-жиі қате жіберетініне 
қарамай, олардан құрмалас сөйлемді толығымен айтып беруді талап ету 
керек. 
Құрмалас сөйлемдер құру жұмысы серуен, табиғатнен, қоршаған ортамен 
танысу кездерінде, еңбек үстінде, сурет салу, мүсін жасау, музыка 
сабақтарында қайталанып отыруы мүмкін. Алынған тіл білімі К. 
Чуковскийдің «Федор кайғысы», «Мойдодыр», С. Маршактың. «Почта» 
тәрізді драмалық ойындарын өткізу, дидактикалық және қозғалмалы 
ойындарды өткізу кездерінде беки түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет