СТИЛЬ, СӘН, КИІМ ОНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Джаржанова Алмагуль Мутигуллаевна
Киім дизайны пәнінің оқытушысы
Сән (латынша – Modus) – өлшем, тәсіл іс- қимыл
бейнесі. Сән белгілі бір талғамның уақытша үстем
болуы. Сән әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті
оны өндірумен өнеркәсіптің әртүрлі салалары айналы-
сады. Ал сатумен жүйелері шұғылданады.
Сән – экономикалық құбылыс. Адам қоғамның да-
муына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда бо-
луына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп
1отырады.Қазіргі сәнді демократияшыл десек те бола-
ды. Ол таңдау идеясы мен еркіндігімен, яғни әр түрлі
стильдермен, пішіндерімен, үлгілерімен, алуан түрлі
реңділігімен ерекшеленеді.
Стиль (stu is латын сөзі) – мәнер, сипат ерекшелік.
Сол дәуірдің мәдениетін сұлулық туралы түсінігін,
қоршаған ортаға қарым – қатынасын көрсететін
тұрақты анық ерекшелеген дәуір тілі.
Грек классикасы өнері деп аталады. Бұрынғы
өткен замандардағы Мысыр, Эгей және архаика
кезендеріндегі жасалған өнер түындыларынан уйрене
отырып, жаңа турпаттағы талғамы жоғары өнерді ту-
дыру осы кезеннің сүретші – сәулетшілерінің уйлесіне
тиді. Кейінгі дәуірлерде Грек өнерінің қарыштап да-
муына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне
ықпалың жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне
күшті әсер еткен осы кезендегі туындаған өнер болды.
Алғаш гректін өнердің үлгісі болып саналғандықтан,
классикалық өнер аталуы да осыдан.Антикалық
стильдегі негізгі киім-хитон деп аталады.
Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, өзіндік
ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады.
Ол — «роман» стилі болатын. «Роман стилі» деген тер-
мин («роман тілдері» деген терминге ұқсас енгізілген,
Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді).
Азғантай уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған
бұл өнер стилі XI—XIII ғасырда, әсіресе сәулет өнері
мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі со-
борлар құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен
қолданылды. Роман стиліндегі діни құрылыстар Рим
сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар
өзінің көрнектілігімен, үлкендігімен, әсерлігімен
және рациональдылығымен ерекшеленді. Лев
Любимовтың пікірінше, «Роман стилінде ою өрнек
пен бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған
синтездің мәні — образдың мәнерлілік пен әшекейлі
геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың,
ою-өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі
монументтіліктің үйлесуінде еді». Киімдері де қатан,
ауыр, қапшықтәріздес болып келеді.
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын бо-
лып көрмеген дәрежеге көтеріліп, шоқтығы биік
өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің
бәрі де сәулетшілікке табынып, оның талаптары-
на мұлтіксіз бағынды. Осы бір тарихи кезеңде туған
әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль
бұл тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды.
Ортағасырлық шіркеулер тасты күмбездерден тұрды,
мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты бо-
луы үшін, шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салын-
ды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың өзі де оңайлыққа
түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс
дағдылары ұмыт болған еді.Готикалық стильдегі киім
181
ерекшеліктері: костюм өткен ғасырлардағы киімдерге
қарағанда, нәзік, жақсы пішілгенболып келеді. Әйел
киімі: конус тәрізді бас киім, үшбұрышты декольте, та-
лия сызығы биік орналасып, жеңдері үзын тар болып
келеді. Көйлектердің етектері сәл тартылып, қысқара
бастайды және койлектің артында ұзын шлейф
қосылады. Ерлердің киімі де өзгереді: фетр бас киім,
жеңдері биік көтеріліп,белді қысып тұратын бау және
дене мен дене болып тұратын шалбар-шоссы пайда бо-
лады. Аяқ киімдері үшты болып келеді.
Қайта Өркендеу Дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа
мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар
мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық
мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Итали-
яда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан тарал-
ды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің
мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді.
Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер-
деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне
ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренес-
санс дүние танымы антропоорталық сипатта бол-
ды. Дүниенің орталық тұлғасы — адам, ал Құдай —
барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің
нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін та-
ныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады.
Киімдері қарапайым, ынғайлы болып келеді.
Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17
ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Ба-
тыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Барок-
ко Қайта өрлеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа
архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік
стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат,
еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі
формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық
қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің
ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық
құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері
болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр
елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды.Осыған
байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей
сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте
көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.
ХVIII ғасырда жаңа рококо (франц. «раковина»
таңғажайып түрлі әшекей) стилі пайда болады. Ро-
коко – сәнді, нәзік, кейбір сезімталдық, нақыштық,
майысқақтық белгіні алып жүретін сәндік стиль. Ба-
роко стиліндегі киімдермен салыстырғанда, роко-
ко стилінің киімдері көп өзгеріске ұшырамады.тек
сызықтары бұрынғысынан да көріктірек, мәндірек
болды.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің
даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда
этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне
бағынышты.
Сән…силуэт…стиль
Сән (мода) – латын сөзі (modis – өлшем, тәсіл, іс-
қимыл бейнесі деген ұғымды білдіреді). Сән – белгілі
немесе басқа да бір талғамның уақытша үстем бо-
луы. Киім – бірінші қажеттілік зат. Сән – әлеуметтік,
экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына,
жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланы-
сты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі
қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің кө¬п¬тігімен,
яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен,
көлемдерімен, киім ұзынды¬ғымен, алуан түсті
гаммалығымен ерекшеленеді.
Қазіргі сәнде екі бағыт айрықша көзге түседі: ол –
ретроспективалы (өткенге бағытталған) және перспек-
тивалы (болашаққа бағытталған).
Ал «Силуэт», «пішін», «үлгі», «пропорция», «стиль»
деген түсініктер адамдармен тығыз бай¬ла¬нысты.
Силуэт (француздың siluett сөзі) – ұзындығы мен ені
бойынша адам фигурасының пропорциясына жақындау
келетін геометриялық фигуралардың (тік¬бұрыш, тра-
пеция, үшбұрыш, сопақ т.б.) бірін беретін киімнің кез
келген бөлігінің сыртқы пішімі. Бір айта кетер жайт –
сәнқойлардың силуэт түрлерін біл¬гені абзал. Олар:
тік силуэт, белдес силуэт, сопақ силуэт, Х-силуэт,
трапеция силуэт және жартылай жантайған силуэт
болып бөлінеді. Ал пропорция дегеніміз – көйлектің
ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдем-
ше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр
бөлшек мөлшерінің арақатынасы.
«Түзу» силуэт өзінің ерекшілігі бойынша
тіктөртбұрышқа немесе шаршыға жақындау. «Тра-
пеция» силуэті үстіңгі жағы тар, төменгі жағы кең
трапецияны елестетеді. «Үшбұрыш» силуэті төменгі
жағы үшкірлеу келеді де, үстіңгі жағы кеңейіп кео-
ген үшбұрышқа жақын. «Сопақ» және «Жартышар»
силуэттері геометриялық сопақ мүсінді елестетеді.
Бұл силуэттерді екі геометриялық фигуралардың
қосындысы деуге де болады: жартылай сопақ және
төменгі бөлігі төртбұрыш.
Бұйымның ұзындығы мен енінің арақатынасы,
бұйымның жалпы көлеміне қарай әрбір бөлшектің
өлшемі келесі бөлщектің өлшеміне байланысты алы-
нады. Мысалы: үсті қысқа, төменгі жағы ұзын; үстіңгі
жағы ұзын, төменгі жағы қысқа; үсті мен төменгі жағы
бірдей.
Костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады.
Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін
тигізеді.
Сәнде тағы бір маңызды ұғым бар, ол – стиль. Стиль
– (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерек¬ше¬лік
деген мағына береді. Киімде бірнеше: клас¬си¬калық,
романтикалық, спорттық, фольклорлық (эт¬ни¬калық)
стильдер болады.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элегантты,
өз¬гермейтін стиль. Классикалық стильдің заттары:
ағыл¬шын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді
шал¬барлар және т.б.
Романтикалық стиль – киімде әйелдік қасиеттерді
бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.
Спорт¬тық стильге демалыс, спортпен жаттығу,
сая¬хат үшін ыңғайлы киімдер жатады.
Фольклорлық (этникалық) стиль – халықтық
дәс¬түрлер сипатындағы осы заманғы киімдер.
Фоль¬клор¬лық сипаттағы киімдер сәнділігімен
ерек¬ше¬ле¬неді.
Онда
халықтық
кестелер,
құрастырылмалы ою-өрнек, қол жұмысының көптеген
элементтері ке¬ңі¬нен пайдаланылады.
Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл
– спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен си-
182
патталады.
Әйелдердің жеңіл киімдері көйлектерден, бел-
демшелер мен блузкалардан, белдемшелер мен
көкрекшелерден, бешпенттерден, блузкалар мен жеңсіз
көйлектерден тұрады. Қазіргі заманғы киімдерді шал-
барсыз елестету мүмкін емес. Бешпент, блузкамен не-
месе көкрекшемен үйлесе тігілген шалбарлар әйелдер
гардеробының ажырамас бөлігі болып табылады.
Әйелдер киімін қолданылуына қарай; тұрмыстық,
спортық, әр түрлі арнайы киімдер, сахналық киімдер
болып бөлінеді.
Тұрмыстық киімдерді екі тәсілмен өндіреді. Тігін
өнеркәсібі жүйесінде немесе – ателье, нақты тапсырыс
берушінің талаптарын есепке ала отырып, жеке тігуге
болады.
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің
даму кезеңдерін көрсетеді. Сонымен, адам қоғамда
этикетке, ал костюм өз кезегінде дәуірдің стиліне
бағынышты.
Достарыңызбен бөлісу: |