1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет172/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер:
жаңартылған білім беру мазмұны қазақ тілін оқыту, интербелсенді әдіс-тәсілдері.
Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі 
заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің 
үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру 
мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын 
әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің 
және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Педагогикалық әдіс-тәсілдер
• құндылықты-бағдарланған;
• әрекетті;
• тұлғалық-бағдарланған;
• кіріктірілмелі;
• коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша 
оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын 
құрудағы негізгі бағдарлар болып табылады.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ 
қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу 
және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмаса-
ды, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі 
жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайда-
ланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану 
бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі 
түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. 
Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жету-
ге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды 
кез келген оқу және өмір жағдайында
шығармашылық 
пайдалануға 
дайындығын 
қалыптастыруға бағдарланған.
Оқыту әдіс-тәсілдері:
Құндылықты-бағдарланған 
тәсіл-оқушының 
құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік 
үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның 
өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Орта білім беру құндылықтары: қазақстандық 
отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік; 
құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; 
ашықтық; өмір бойы білім алу.
Тұлғалық-бағдарланған тәсіл - педагогтің назарын 
оқушы тұлғасының тұтастығына, оның тек ақылойы, 
азаматтық жауапкершілік сезімінің ғана емес, сондай-
ақ эмоционалдық, эстетикалық, шығармашылық ны-
шандары мен даму мүмкіндіктерімен қоса рухани да-
муы туралы қамқорлыққа шоғырландыруды көздейді.
Жүйелік-әрекетті тәсіл - оқу-тәрбие үдерісінде 
оқушының өз бетінше білім алуына бағытталып, осы 
мақсатта мұғалімнің тиімді іс-әрекеттің түрлі форма-
ларын қолдануын көздейді.
Коммуникативтік тәсіл-бірінші кезекте оқушылардың 
ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға, 
қарастырып отырған мәтін, қатысып отырған әңгіме 
мазмұнын түсініп, туындаған жағдаятқа сәйкес тілді 
қолданып үйренуге бағытталған.
Интегративтік тәсіл-оқу үдерісін жобалау және 
өткізу кезінде әр түрлі оқу пәндерінің мазмұнын өзара 
кіріктіру есебінен оқушыда әлемнің тұтас бейнесін 
қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Қазақ тілін оқыту мазмұнына ортақ тақырыптарды 
енгізу әр түрлі пәндік салалардан білімдерді 
кіріктіруге және сол арқылы алынатын білімдердің 
функционалдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тәсілі — зерттеушілік әрекет дағдыларын 
дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға 
жәрдемдеседі, оқушыларда танымдық қызығушылық 
қалыптастырады.
Интербелсенді әдіс
Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің 
өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және 
сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter 
– аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) 
Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, 
ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм 
берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы 
арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол 
жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi 
сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, 
талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа 
қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл 
интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру 
ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу 
дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, 
үйрене бiлу
•өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi
•шешендiк өнерiн жетiлдiредi
•танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде 
абсолюттi шындық болмайтынын)
•сыни ойлау дағдыларын дамытады
•өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады
Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы 
оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін 
тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасын-
да бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен 
жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы 
Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып 
берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, 
ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола 
алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың 
оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі 
құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.
Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, 
білік, дағды, машықтарға үйренеді:
•терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді да-
мыту;
•өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға 
баға беру;
•ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, 
таңдап алу;
•өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;
•пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін 
дәлелдеу;
•шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі 
әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:
•бірлескен жұмыс;
•танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан 
белсенділік таныту.


197
Интербелсенді әдістемесінің жұмыс түрлері мен 
әрекеттері:
•бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, ұжымдық),
•рөлдік және іскерлік ойындар, пікірталастар,
•ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, 
лекция, интернет,
•құжаттар, мұражай т.б.)
•презентациялар,
•тренингтер,
•интервью,
•сауалнама т.б.
Интерактивтік әдістеме өзара қарым-қатынастың 
мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал 
қандай болса да, оқушылардың өздерінің өмірлік 
тәжірибелерін білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу 
процесінің барысында мынадай қарым – қатынасқа 
түседі:
•Мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап
берген кезде);
•Өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеу бары-
сында)
•Шағын топтармен (3-5 баламен);
•Балалардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, сы-
нып болып әлдебір мәселені талқылау барысында);
•Балалардың тобымен және халықпен (топ
әлеуметтік сауалнама жүргізеді);
•Кейбір техника түрлерімен (мысалға , компьютер-
мен);
Оқыту мен оқудың бұл тәсілі оқытудың сындар-
лы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар
бірлесіп жұмыс істей отырып, пәндердің аралығындағы 
мәселелерді талқылайды, зерттейді. Оған дәлел: Ми 
неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі 
соғұрлым қарқынды жүзеге асады деген Хәтти (2014)
Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда 
белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді 
оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және крите-
риалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдер 
өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында 
оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни 
бүгінгі тақырыпқа деген жаңаша түсінік пайда болды 
ма, немесе жоспар іске асты ма деген сияқты ……т.б.
Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда 
сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, 
барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа 
бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген 
және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық 
ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану 
тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық 
ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, 
белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде 
дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысын-
да оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) 
бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят 
(ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, 
әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс 
орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды 
дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі 
байқалады.
«Маршрут» ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. 
Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас 
қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, 
алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы 
әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі 
тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.
Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-
қарбыз т.б.
«Екі әріп» ойыны.
Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі 
қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді 
ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен 
түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып 
жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз 
ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының 
не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны да-
уыстап айтуына болмайды.
«Еске түсіру» ойыны.
Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап оты-
рады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, 
киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала бол-
са юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар 
ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын 
балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын 
реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, 
бақылағыштығы жақсарады.
«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған 
төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, 
заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді бай-
ланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы ке-
рек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне 
жарық деп жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа 
жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық 
мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ 
және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» 
т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут 
уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ас-
социация таңдалады.
Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық 
ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге 
оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратеги-
яларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап 
қолдануды талап етеді.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін 
де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Бру-
нер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойын-
ша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер
теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және 
«Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін
ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер
шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың 
мұндай типінің артықшылығына төрт аспектінің
арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің
өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі
марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу 
арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осын-
дай оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда
ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, 
оқушыға бағдарланған оқыту ортасында мұғалім
оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы
сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала 
отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін 


198
түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын
жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы 
үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын 
да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың
не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ
олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені 
жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге 
тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға 
сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа 
енгізсеңіз, 
баланың 
танымдық 
белсенділігін 
арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын 
қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың 
қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс 
жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі 
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы 
өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға 
үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы 
қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай 
оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын 
айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана 
жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, 
бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра 
алатынымызға сеніміміз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет