1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет158/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
150 
Қазақстан мектебі әлемдік білім беру кеңістігіне ену педагогика теория мен оқу 
тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге ұшырады:білім беру тәсілі өзгерді, білім берудің 
мазмұны өзгеріп, жаңа көзқарас қалыптасты.Өзгеше менталитет пайда болуда және 
педагогикалық технологияның кеңінен қолдануда.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқытудың мазмұны және психологиялық 
ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.Бүгінде білім беру 
саласында оқытудың озық технологияларын қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамыту, 
оқу тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің дамуы бағыты мен тенденцияларын 
қамтитын 50-ден астам педагогикалық технологияны қолданып жүр. 
Педагогикалық технологияларды таңдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: 
-алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайына сай 
болуы; 
-тиімділігі, жүйелігі; 
-Педагогикалық ұжымдар өздерінің қалауына сәйкес әртүрлі үлгі бойынша қызмет 
етуіне мүмкіндік алуы. 
Инновациялық технологиялардың маңыздылығы мұғалім мен оқушының арасындағы 
тығыз байланысы, оқушылардың, білім сапасын арттыруда оқушы тарапынан белсенді түрде 
менгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді екенін айта келе төмендегі мәселелерге мән 
берген дұрыс : 
— оқуда білімдіөз бетінше іздеу; 
— білімді терең ұғыну; 
— теория мен практиканы біріктіру; 
— бір- біріне құрметпен қарау, мәдениетті қарым- қатынас болу; 
— өз пікірін жақтай, дәлелдей білу; 
— ізденіс, еркін тандай, жеке пікір, топпен талқылау; 
— қажет жағдай көзқарасын өзгерту т.б.
Қазіргі таңда кез келген мектептерде тәрбие үрдісін жетілдіру үшін жаңа 
педагогикалық техналогияларды пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. 
Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатты. 
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын 
ұғымдардың біріне айналды.Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы 
саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технологиясы, білім беру технологиясы, 
қалыптастыру технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. 
Бұл технологиялардың қайсы түрі болсын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір 
автор»технология дегеніміз не?» деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке 
ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Өйткені, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде 
жүріп 
жатқан 
үрдістің 
технологиясын 
түсіндіретін 
жалпы анықтамасы 
жоқ. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, қазіргі 
мектептегі тәрбие үрдісіндегі жаңа технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы 
бекітілген. Білім мекемелерінің педагогтеріне өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай 
таңдап алуы үлкен шеберлікті талап етеді. Заман талабына сай тәрбие үрдісінде жаңа 
педагогикалық технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Тәрбие 
үрдісінде әр оқушының психологиялық ереакшеліктерін ескеру керек.
Мұғалім бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, 
зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы 
керек. 
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін - өзі тануына жол ашу, жеке тұлға 
бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке 
тұлғаға қарай бағыттау - бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. 
Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу - тәрбие үрдісін 
ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет