1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет83/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   176
Байланысты:
2-2018

 «ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
79 
болмысын бағдарлауды шарт тұтады. Ол үшін сол тұстағы тарихи әлеуметтік жағдайларға назар 
сала кеткен орынды.
Өткен ғасырда ел егемендігі үшін, халық қамы үшін тер төгіп, ерекше із қалдырған алаш 
айбындылары қаншама?! Тарих беттеріне үңілсек олар қалыптастырған жаңаша өмір, ұлттық 
идея және оқу-ағарту саласы көңіл көншітерлік құнды мұралар. Ілияс, Бейімбет және Сәкен 
шығармаларындағы жаңғырудың идеялық өзегі бөлек әңгіме. Өйткені, олар шынайы азаттықты 
аңсады, алғыр, білімді қазақ жастарының талпынысын көргісі келді, жаңашылдықты армандады.
Мысалы, қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген 
әмбебап дарын Ілияс Жансүгіров өзінің «Саналы жастарға» өлеңінде: 
Исі аңқып, өскен балқып сабағым, 
Құтты болсын, көкке өрлеген талабың.
Сасық дала, мынау жатқан қараңғы ел, 
Ауылыңа қайырыл, қара, қарағым [2, 254 б.], - деп жас баланың асыл қасиеттерін өлең 
жолына сыйғыза отырып, сол кезеңдегі халық потенциалын аңғартады. Саяси лирика саласында 
Ілияс көпшілік жағдайда ашық үгітті, насихатты қолданады. Оған әрі-беріден соң, көркемдік 
талғамы жетіп болмаған қауымның өзі әсер етті. Көзіне көрсетіп, қолына ұстату, барар жерін 
нұсқау қажет болды.
Оян, ойлан, ұрандас! 
Қатарлас, теңел, құрал жас! 
Құлқыны жаман құзғындар 
Құралсаңдар – тұра алмас! – дегенді әуелгі кезде бар ақын-жазушы айтып, жазуға 
міндетті болды. Көбі осы жолмен кетті де. Ілияс сынды ұлы дарындар осы ойды кейде 
тұспалдап, поэзия тілімен жеткізуге талаптанды. Бұл сәтте Ілиястың поэтикалық жанрының 
көкжиегі кеңейе түскенін аңғарамыз. 1926 жылғы «Ұйқыма» деген өлеңінде: 
Бадалғыр, батқыр тас ұйқым 
Теңіздің терең түбіне. 
Көзді көр, жанды жарымдап 
Тұншықтырдың түнімде. 
Енді тағы иектеп 
Еліткің келед күнімде, –дегенін бар жаныңмен, тәніңмен түсінгендей әсерленесің. 
Өйткені әрекетсіздік титығына тиген ел ояну, қарбану деңгейіне жеткенін ақын көркем образбен 
береді де, өмірде жиі кездескен қарекетсіздік пен еріншектіктен безіндіреді, жалқаулықтан 
жирендіреді [3, 12 б.]. Осылайша Ілияс күллі қазақ елін жаңаруға, білім алуға, рухани жаңғыруға 
шақырған. Ілияс Жансүгіровтің Алатаудың ақ самалындай аңқып ескен ғажап поэмалары, 
Алатаудың ақ бұлағындай мөп-мөлдір өлеңдері қара халықты жаңа өмірге насихаттауға 
бағытталған. 
Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет 
Майлин поэзиясында да рухани жаңғыруға деген ашық үндеу бар. Мысалы, Бейімбет 
«Жастарға» өлеңінде: 
Бірі жатыр болыс болып шіреніп,
Біреуі жүр ауылнай боп тіленіп,-деп сол кезең жастарының ақымақтығын көрсетсе, 
Қай уақытта бірігеді бастары, 
Бәрінің де ойлағаны бас қамы. 
Дүрілдетіп істі қолға алып тұр, 
Басқа жұрттың жаңа өспірім жастары [4, 220 б.], - деп өз күйінішін, ренішін байқатады. 
Ақын жаны шып-пыр боп қазақтың өскендігін, егемен болғандығын арман етеді. Өз өлеңдерінде 
өзге жұртпен салыстыра отырып халықты оятуға бар күш-жігерін салғанын «Қазаққа» өлеңінен 
байқаймыз. 
Не сұрасаң қабыл қазір тілегің, 
Сен тілексіз оңалммайсың, білемін. 
Жан біткендер іздеп жатыр керегін, 
Тұр, қалғыма, көтер басты, өй, қазақ! [4, 214 б.]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет