1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет11/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
12 
университетінің араб тілі факультетінің күміс медальмен бітіріп, ХХ ғасырдың алғашқы 
онжылдығы ішінде Жетісу облыстық басқармасында тілмаш болып қызмет атқарған. 1905-
1907 жылдардағы бірінші орыс революциясының ықпалымен патша өкіметінің саясатына 
қарсы болып, жергілікті қазақ-қырғыз арасында саяси-ағартушылық жұмыстар
жүргізгені үшін 1908-09 жылдары қызметінен қуылған. Сөйтіп, Ақсу ауданындағы 
Сүттіген ауылына көшіп келген Барлыбек Санк - Петербургте сатып алған әлемдік 
әдебиеттің алтын қорына 2000 кітапты елге артып ала келеді. 1909 жылдан өзі қайтыс 
болған 1914 жылдың аяғына дейін «Қарағаш» мектебінде оқып жүрген қазақ балаларына 
орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берсе керек. Өйткені, Барлыбектің баласы Сыртанов 
Кәке өзінің жазба естеліктерінде «мұғалім болып жүргенде Ілияс Жансүгіров Барлыбектің 
кітаптарын алып, сақтап жүретін» [5,65 б.] дейді. Ал сол жылдары Ілиястың «Қарағаш» 
мектебінен оқығаны белгілі. 
Проза саласына дендеп кету, өндіріп жазуға жоғарыда айтылған жайлар 
мүмкіншіліктер берсе де, Ілияс поэзия «құшағынан» шыға алмай, қара сөзге біраз жыл 
жақындай қоймады. Әрине, бұдан да басқа түрлі себептер болған шығар, бірақ сол 
себептер ішінде академик Зейнолла Кабдоловтың «Сөз өнері» атты кітабында «Проза – 
қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған 
сала»[6,125 б.] десе, осы ойды қуаттайтын Әмен Әзиевтің «Қазақ повесі және осы
жанрдың совет дәуірінде туу және қалыптасу кезеңдері атты» еңбегінде «Рас,
қазақ прозасы 20 - жылдардың алғашқы жартысында бірден дамып кете алмады. 
Бұрынғысынша поэзия алғы шепте тұрды. Ұсақ новелла, әңгіме жанрларындағы 
шығармалар болмаса, повесть, роман сияқты көлемді туындылар әлі жазыла қойған жоқ 
еді» [7,65 б.] деген пікірінде ойланарлық жай жоқ емес. 
Солай десек те, поэзия Ілиястың прозалық шығармаларына жаңа түр, форма, 
бейнелеу, суреттеу компоненттерін беріп, өмір фактілерін жай ғана әсерсіз, ажарсыз
жазудан аулақ етуге жол салды. 
Тағы бір себеп, сол тұста кәнігі әдебиетші дәрежесіне жете қоймаған, жазушылық 
қазынасының сыры түгел ашылмаған жас жазушы поэтикалық творчествосының әр түрлі 
барып барлау жасады, яғни іздену жолын басынан кешірді. 
Жоғарыда аталған алғашқы әңгіме, повестерін және кейінгі жазылған ірілі-уақты 
прозалық шығармаларын Ілияс 1920 жылдары газет-журналдар бетіне шығара бастайды. 
Бұл әңгімелері көбіне-көп кедейліктің тауқыметін тартқан жалшылар. Сол қоғамда өмір 
сүрген әйелдердің басындағы ауыр хал, қазақ ауылындағы ескіліктің етек алған түрлі 
көріністерін бейнелеу, сынау, әшкерелеу тенденциясы шағын көлемді прозасының 
арқалы болып отырады. 
Оның көрінісі алғашқы туындыларының бірі - «Күң өлімінен» айқын байқалады. 
Ол 1922 жылы жазылған. Бұл әңгімені қазақ әйелдерінің тұңғыш басылымы - «Жетісу 
әйелі» журналында жарияланған. Онда төңкеріске дейін күңдікте жүрген Алқа атты
әйелдің ауыр тұрмысы, қайғылы халі бейнеленген. Бұл әңгіменің шынайы, боямасыз
болатын себебі, Ілияс Алқаны өз көзімен көріп, әңгімелескендігі туралы дерек бар /1965 
жылғы «Жұлдыз» журналының №5 саны/ 
Алқа жайында былай деп жазады: «Алқа егде тартқан кісі еді, өңі сіріңке қара. 
Мінез орнында ерекше қуаныш минуты болмаса, қабағын ашып, ыржиып күлгін емес. 
Бөтен қатындардай не болса соны сөйлеп, өсек- аяңға үйір болмай, тиісті кезекте 
ғана сөйлейтін. /Бұл қасиеті жөнінде әңгімеде де талай айтып өтеді/ Егер бір сөйлесе 
тізбегін әдемілеп, ұзақ-ұзақ сөйлеп кетуші еді. Сөзінің көбі өз басының мұңы болатын. 
Мұның атының Алқа екенін үйі аралас кісі білмесе, сырт кісі «Сандыбайдың күңі» дейтін. 
Алқа Сандыбайдың ауылы күзгі күзекке қонса, қора күзететін. Балаларын от 
басына орап алып, күзгі ұзақ сары таңда қара қиды қалап қойып, түйенің жабуын, 
қошқардың күйегін, қойшылардың шарығын сырып отырушы еді. Міне, бұл уақыттта 
Алқа апайдың қасына отырып «әңгіме айт» деп жалынғанда, аузымыздың суын құртып, 
әдемілеп, тәтті - тәтті әңгімелерін ұзақ сөйлеп беретін» [5,32 б.]дейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет