1 Қазақстандағы фармацевтика өнеркəсібінің проблемалары



Pdf көрінісі
Дата26.12.2021
өлшемі73,08 Kb.
#105809
Байланысты:
Parakhot Zhainar TFP-218).



1 Қазақстандағы фармацевтика өнеркəсібінің проблемалары 

 

Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркəсібін дамыту Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызда № 958 Жарлығымен 

бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  Қазақстан  Республикасын 

үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамыту  жөніндегі  2010  -  2014 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сəйкес əзірленді. 

Осыны  негізге  ала  отырып,  Қазақстан  Республикасының  (ҚР)  Президенті 

Н.Ə. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен 

ішкі тұтынуды дəрілік препараттармен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. 

2016 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық” 

мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 – 

2014  жылдарға  арналған  фармацевтикалық  өнеркəсібін  дамыту  жөніндегі 

бағдарламасының  жалғасы  ретінде  бекітіліп,  бағдарламаның  негізгі 

бағыттарының  бірі  халықты  отандық  өндірістегі  медикаменттермен 

қамтамасыз ету мəселелерін, дəрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен 

қауіпсіздігін,  тиімді  қолданылуын  қамтамасыз  ету  сияқты  негізгі 

міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  іс-шаралар  кешенінің  тиімділігін  əзірлеу, 

орындау  жəне  мониторинг  жасауды  алдын-ала  қарастыратын  дəрілік 

қамтамасыз ету жəне Денсаулық сақтау жүйесін дəрімен қамтамасыз етудің 

Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады» 

Осыған  байланысты  Қазақстанның  фармацевтикалық  нарықтағы  отандық 

дəрілік препараттардың негізгі даму қарқынын талдау өзекті болып қалуда. 

Фармацевтика саласын басқару кезіндегі, яғни дəрілік заттармен халықты 

қамтамасыз  етудегі  жедел  шешім  қабылдау,  əдетте,  дəрілік  препараттар 

нарығында қалыптасқан жағдайды маркетингтік талдауға негізделеді. Осы 

мəселелерді  қарастыру  қажеттілігі  халықты  отандық  дəрілік  заттармен 

қамтамасыз  етуді  жетілдірудің  негізгі  бағыттарын  анықтауға  жəне 

Қазақстан  Республикасында  отандық  дəрілік  заттарды  тиімді  қолдану 

жүйесінің жаңа əдістемелік жолдарын ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді. 

«Фармация  саласындағы  ғылыми  тəжиребелік  жұмыстар  елімізде  1951 

жылы  басталды.    Қазір  Қазақ  Ұлттық  Медицина  университетінің 

фармацевтика  факультеті,  Алматы  дəрігерлер  білімін  жетілдірі 

институтының  клиникасы,  Фармакология  кафедрасы,  Республиканың 

жоғары  медициналық  оқу  орындарындағы  арнайы  кафедралар 

шұғылданады. 2016 жылғы мəлімет бойынша Қазақстан Республикасында 

3228 дəріхана, 1144 дəріханалық пунктер, 2358 дəріханалық киоскілер, 626 

дəріханалық  қоймалар,  115  фармацевтік  өндірістер  жұмыс  істейді. 

Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді, 

олардың 5,5 мыңы жоғары дəрежелі мамандар. 

 Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды 

қамтиды.  Сарапшылардың  бағалауы  бойынша  2009  жылы  ЖІӨ  өсімінен 

орта есеппен 1,5 -2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд 




долларды құрады. «Фармацевтика өнеркəсібі ел аумағындағы дамушы сала. 

Дегенмен фармацевтика жəне медицина өнімі өндірушілерінің жалпы 79 ірі 

кəсіпорын  жұмыс  істейді.  «2011  –  2014  жылдар  аралығында  елдің  бүкіл 

экономикасының  өсімі  мен  халықтың  əл-ауқатының  артуы  ішкі 

фармацевтика  нарығындағы  өсімінің  жоғары  қарқынын  туындатты.  Осы 

жылдары  ішкі  нарықтағы  фармацевтикалық  заттарды  сату  көлемінің 

орташа жылдық өсімі 19%-ды құрады. 

Қазақстан  Республикасының  фармацевтика  нарығы  –  Тəуелсіз 

Мемлекеттер  Достастығы  (ТМД)  ішінде  Ресей  мен  Украина  нарығынан 

кейін  үшінші  орынды  қамтиды.  IMS  Health  мəліметі  бойынша  ТМД 

фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесі 2014 жылы 

7%-ды құрады. 

Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы 

тұтыну үлесі – 78 АҚШ долл. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші 

орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің 

қол  жеткізген  көрсеткіштерінен  айтарлықтай  төмен.2015жылы  Европа 

одағында,  Шығыс  Еуропада  жəне  ТМД-да  жан  басына  шаққанда  дəрілік 

заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады. 

Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды 

қамтиды.  Сарапшылардың  бағалауы  бойынша  2009  жылы  ЖІӨ  өсімінен 

орта есеппен 1,5-2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд. 

долларды құрады. 

      Қазақстан фармацевтика өнеркəсібі отандық денсаулық сақтау саласын 

заттай көрсеткіштердегі дəрілік заттармен 30%-ға қамтамасыз етеді, 2009 

жылғы  деректер  бойынша  госпиталь  секторында  тегін  медициналық 

көмектің  кепілдік  берілген  көлемі  (ТМККК)  шеңберінде  бұл  көрсеткіш 

45%-ды құрады. 

      Бұл  ретте  отандық  өндірушілердің  өнім  портфелінің  негізгі  бөлігін 

рентабелділігі  төмен  дженерикті  препараттар  (олардың  жалпы  нарық 

көлеміндегі үлесі 85%) құрайды, ал ерекше препараттар нарығы 15 %-ды 

құрайды,  бұл  фармацевтика  өндірушілеріне  өз  пайдасын  жаңа  ерекше 

дəрілік препараттарды зерттеу мен əзірлеуге бөлуге мүмкіндік бермейді. 

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын кешенді бағалау. 

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы орталық Азиядағы 

ең үлкен жəне өте дамыған нарықтардың қатарына жатады. Алайда бұл сала 

дамыған елдердегі фармацевтикалық нарыққа қарағанда өте төмен деңгейде 

дамыған  деп  айтуға  болады.  Тəуелсіздік  жылдардағы  еліміздің 

экономикалық  дамуы  мұнай  мен  газ  жəне  тау-кен  өндірісінің  жылдам 

дамуына  тікелей  байланысты.  Сонымен  қатар  осы  екі  саланың  дамуы 

фармацевтикалық заттардың сатылуын барынша жоғары көтеріп денсаулық 

сақтау  саласының  өсуіне  жол  ашты.  Қазіргі  таңда  Қазақстандық 

фармацевтикалық компаниялар отандық нарықта үлкен артықшылықтарға 

ие  болып  отыр.  Оның  себебі  тұрғындарға  тегін  медициналық  көмектің 



кепілді  көлемінің  (ТМККК)  жасалынып  жатқан  мүмкіншіліктері  болып 

табылады. 

Осы кепілдіктің арқасында экономиканың əртүрлі жағдайында оның ішінде 

тоқырау жағдайында тұрғындарға тегін дəрі-дəрмектер беру үшін мемлекет 

тоқтаусыз  фармацевтикалық  заттарды  сатып  алуда.  Осылайша  біздің 

Республикадағы  фармацевтикалық  нарықтың  43%-ын  мемлекеттің 

сұранысы  құрайды.  ТМД  ішінде  ол  көрсеткіш  өте  жоғары  болып 

есептелінеді,  мысалы  Ресейде  мемлекеттің  сұранысы  бойынша 

фармацевтикалық заттарды сатып алу жалпы нарықтың 30%-ын құрады, ал 

өзге  мемлекеттерде  10-12%-дан  аспайды.  Жалпы  біздің  Республика  жыл 

сайын тұрғындарды тегін дəрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 600 млн. 

АҚШ дол. жұмсайды. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет