1 Қазақстандағы фармацевтика өнеркəсібінің проблемалары
Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркəсібін дамыту Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурызда № 958 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын
үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сəйкес əзірленді.
Осыны негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының (ҚР) Президенті
Н.Ə. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен
ішкі тұтынуды дəрілік препараттармен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды.
2016 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық”
мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 –
2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркəсібін дамыту жөніндегі
бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі
бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен
қамтамасыз ету мəселелерін, дəрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен
қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі
міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін əзірлеу,
орындау жəне мониторинг жасауды алдын-ала қарастыратын дəрілік
қамтамасыз ету жəне Денсаулық сақтау жүйесін дəрімен қамтамасыз етудің
Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады»
Осыған байланысты Қазақстанның фармацевтикалық нарықтағы отандық
дəрілік препараттардың негізгі даму қарқынын талдау өзекті болып қалуда.
Фармацевтика саласын басқару кезіндегі, яғни дəрілік заттармен халықты
қамтамасыз етудегі жедел шешім қабылдау, əдетте, дəрілік препараттар
нарығында қалыптасқан жағдайды маркетингтік талдауға негізделеді. Осы
мəселелерді қарастыру қажеттілігі халықты отандық дəрілік заттармен
қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға жəне
Қазақстан Республикасында отандық дəрілік заттарды тиімді қолдану
жүйесінің жаңа əдістемелік жолдарын ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді.
«Фармация саласындағы ғылыми тəжиребелік жұмыстар елімізде 1951
жылы басталды. Қазір Қазақ Ұлттық Медицина университетінің
фармацевтика факультеті, Алматы дəрігерлер білімін жетілдірі
институтының клиникасы, Фармакология кафедрасы, Республиканың
жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар
шұғылданады. 2016 жылғы мəлімет бойынша Қазақстан Республикасында
3228 дəріхана, 1144 дəріханалық пунктер, 2358 дəріханалық киоскілер, 626
дəріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді.
Республикада фармацевтика жүйесінде 12 мыңнан астам адам қызмет етеді,
олардың 5,5 мыңы жоғары дəрежелі мамандар.
Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды
қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ өсімінен
орта есеппен 1,5 -2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд
долларды құрады. «Фармацевтика өнеркəсібі ел аумағындағы дамушы сала.
Дегенмен фармацевтика жəне медицина өнімі өндірушілерінің жалпы 79 ірі
кəсіпорын жұмыс істейді. «2011 – 2014 жылдар аралығында елдің бүкіл
экономикасының өсімі мен халықтың əл-ауқатының артуы ішкі
фармацевтика нарығындағы өсімінің жоғары қарқынын туындатты. Осы
жылдары ішкі нарықтағы фармацевтикалық заттарды сату көлемінің
орташа жылдық өсімі 19%-ды құрады.
Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы – Тəуелсіз
Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ішінде Ресей мен Украина нарығынан
кейін үшінші орынды қамтиды. IMS Health мəліметі бойынша ТМД
фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесі 2014 жылы
7%-ды құрады.
Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы
тұтыну үлесі – 78 АҚШ долл. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші
орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің
қол жеткізген көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен.2015жылы Европа
одағында, Шығыс Еуропада жəне ТМД-да жан басына шаққанда дəрілік
заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады.
Қазақстандағы медикаменттердің жиынтық нарығы шамамен 6000 атауды
қамтиды. Сарапшылардың бағалауы бойынша 2009 жылы ЖІӨ өсімінен
орта есеппен 1,5-2 еседен асатын тұрақты жылдық өсім үрдісімен 1 млрд.
долларды құрады.
Қазақстан фармацевтика өнеркəсібі отандық денсаулық сақтау саласын
заттай көрсеткіштердегі дəрілік заттармен 30%-ға қамтамасыз етеді, 2009
жылғы деректер бойынша госпиталь секторында тегін медициналық
көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде бұл көрсеткіш
45%-ды құрады.
Бұл ретте отандық өндірушілердің өнім портфелінің негізгі бөлігін
рентабелділігі төмен дженерикті препараттар (олардың жалпы нарық
көлеміндегі үлесі 85%) құрайды, ал ерекше препараттар нарығы 15 %-ды
құрайды, бұл фармацевтика өндірушілеріне өз пайдасын жаңа ерекше
дəрілік препараттарды зерттеу мен əзірлеуге бөлуге мүмкіндік бермейді.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын кешенді бағалау.
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы орталық Азиядағы
ең үлкен жəне өте дамыған нарықтардың қатарына жатады. Алайда бұл сала
дамыған елдердегі фармацевтикалық нарыққа қарағанда өте төмен деңгейде
дамыған деп айтуға болады. Тəуелсіздік жылдардағы еліміздің
экономикалық дамуы мұнай мен газ жəне тау-кен өндірісінің жылдам
дамуына тікелей байланысты. Сонымен қатар осы екі саланың дамуы
фармацевтикалық заттардың сатылуын барынша жоғары көтеріп денсаулық
сақтау саласының өсуіне жол ашты. Қазіргі таңда Қазақстандық
фармацевтикалық компаниялар отандық нарықта үлкен артықшылықтарға
ие болып отыр. Оның себебі тұрғындарға тегін медициналық көмектің
кепілді көлемінің (ТМККК) жасалынып жатқан мүмкіншіліктері болып
табылады.
Осы кепілдіктің арқасында экономиканың əртүрлі жағдайында оның ішінде
тоқырау жағдайында тұрғындарға тегін дəрі-дəрмектер беру үшін мемлекет
тоқтаусыз фармацевтикалық заттарды сатып алуда. Осылайша біздің
Республикадағы фармацевтикалық нарықтың 43%-ын мемлекеттің
сұранысы құрайды. ТМД ішінде ол көрсеткіш өте жоғары болып
есептелінеді, мысалы Ресейде мемлекеттің сұранысы бойынша
фармацевтикалық заттарды сатып алу жалпы нарықтың 30%-ын құрады, ал
өзге мемлекеттерде 10-12%-дан аспайды. Жалпы біздің Республика жыл
сайын тұрғындарды тегін дəрілік заттармен қамтамасыз ету үшін 600 млн.
АҚШ дол. жұмсайды.