1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазақстандағы мұсылмандық мұраның тарихи аспектілерін бағалаңыз



бет42/58
Дата08.02.2022
өлшемі277,54 Kb.
#118994
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары
тест педогог, тест педогог, 38164869, Армандар картасы2020, Гос экзамен жауаптары
56. Қазақстандағы мұсылмандық мұраның тарихи аспектілерін бағалаңыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясында Президент Н.Назарбаевтың айтылған сөздерімен нақтыланады: «Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. XХI ғасырдың ең басты заңы – татулық! Келісім – экономика мен сая-саттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті Мәңгілік болуы керек»,- деп атап көрсеткен. Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын тұжырымдай отырып, зайырлы мемлекет ел халқының тарихи таңдауы болғанын ерекше ескертті және қоғам назарын мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара тиімді әрекеттестігінің үлгісін іздеуге бағыттады. Қазақстан кез келген экстремизмге түбегейлі қарсы бола отырып, дәстүрлі діндерді қолдайды.Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекет-терге өте қатаң қарсы тұратын болады», - деп ерекше атап өтіледі. Сол себепті де, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту идеясын жүзеге асыру секілді маңызды әрі жауапты міндеттер тұр. Қоғамымыздың зайырлы сипаты «Діни қызмет және діни бірлес-тіктер туралы» Заңның нормаларындағы сенім бостандығы, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуы, мемлекеттік немесе жалпыға міндеттелген арнайы діннің болмауы, діни ұйымдардың заң алдындағы теңдігі, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара әрекеттестігі секілді мәселелер олардың нақты белгілері арқылы айқындалады.Осы орайда, бүгінгі таңда ауданымызда 16 этнос пен 3 конфессия өкілдері бар. Өңір бойынша діни ахуалды саралап, реттеу мақса-тында аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі, діни экстремизм мен терроризмге қарсы» кеңес өз жұмысын тоқтатқан емес. Ауданда 21 мұсылман, 3 православиялық, 2 протестанттық, барлығы 26 діни бірлестік заңға сәйкес қызмет атқарады. 2013 жылы діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобалар аясында ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарға «Діни экстримизм, діни терроризмнің алдын алу» тақырыбына 1 млн. теңгеге лот бөлінді. Осы жоба аясында «Бүгінгі қоғамдық өмірдегі әртүрлі діни бірлестік өкілдерінің тең құқылы қатысуы» және «Дінаралық түсіністік – бейбітшілікке жол» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, «Достық эстафетасы» акциясы, «Конфессияаралық ынтымақтасу» байқауы, «Брейн-Ринг» интеллектуалды ойыны, «Терроризм мен діни экстре-мизімнің алдын алу» және «Алакөл ауданы бойынша дінаралық толеранттылық» тақырыптары негізінде көшпелі семинарлар өткізілді. Осы іс-шараларға аудандағы елді – мекендерден 4000-ға жуық адамдар қатысты«Қазақстан-2050» Стратегиясының жасампаз міндеттерін жүзеге асыруға тұрғындардың кейбір топтарының қатыспай қалуын болдырмау үшін қоғамдық және діни мүдделер арасындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ, радикалды діни идеологияларды жою бағытында шоғырланатын болады. Бұл міндеттерді қоғамда жүзеге асыруда екі онжылдықтан бері Отанымыздың сенімді тірегі ретінде қызмет атқарып келе жатқан келесідей негізгі идеялар басшылыққа алынбақ:- бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз; - Қазақстан – толерантты, қоғамды, зайырлы мемлекет; - отансүйгіштік, ұлттық дәстүржәне мәдениет – ұлттың рухани негізі. Рухани діни құндылықтар қоғамда толеранттылық пен түрлі кон-фессия өкілдері арасында өзара сыйластықты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму мақсаттарының негізін қалыптастыруы тиіс (Дереккөз).Дін – адамзат баласын имандылыққа, ізеттілікке, мейірімді-лікке, адамгершілікке, жалпы айтқанда адами рухани құндылықтарға жетелейді. Оның шариғатын, ұстанымын, насихатын оң түсініп, дұрыс қабылдаған жөн. Діни сауатсыздықтың салдарынан жастардың, жасөспірімдердің адасуының алдын алу мақсатында бірінші кезекте ата-ана, ұстаздар, ұжым, орта олардың діни бағытын аңғарып, жол көрсетіп, ықпал етейік. Себебі бұл әрекетіміз бірлігі жарасқан, дамыған 30 елдің қатарына енеміз деген мақсаты-мыздың жүзеге асуына, ұлттық идеямыз Мәңгілік Ел ұста-нымымыздың мәңгілікке айналуына үлес қоспақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет