1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»



бет38/58
Дата08.02.2022
өлшемі277,54 Kb.
#118994
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

52. Қазақстанның ұлттық бірлігі доктринасын қабылдаудың қажеттілігін дәлелдеңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі мен маңызын бағалаңыз.
Қазiргi әлем Қазақстанды кеңестiк елдердің ішіндегі саяси жүйесі берік, қоғамдық тұрақтылығы бар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасы үйлесiмдi мемлекет ретiнде қарастырады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы Қазақстан халқына Жолдаyында: «Азаматтық қоғам және ұлтаралық келiсiм – бiздiң басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттердің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалды» дегенді айтады.
Этносаралық келiсiм - мемлекеттiк саясаттың негiзгi басым бағыты және Қазақстан қоғамының негiзiн қалаyшы құндылығы. Ол егемен мемлекетiмiздiң тарихындағы бөлiнбес айрықша игiлiгі. Бұл құндылық негізінен орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан халқының Ассамблеясы мен тиімді жұмысының арқасында қалыптасты.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды моноэтникалық емес, көпұлтты мемлекет ретінде құрылымдап, нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымын айта кеткен жөн. «Ұлттық идеяны бір ғана этникалық топтың еншісіне артып қою - сол этностың өзіне де де құрдымға әкетеді. Көптеген мемлекеттер этникалық көтерiлiстiң позитивтi және негативтi салдарын дер кезiнде түсiнбегендiктен ұзақ мерзiмдi соғыс алаңына айналып кетті»
Қазақстандағы этносаралық келiсiмді нығайту саясатыны қазақ халқының діни және ұлттық дәстүрі негізінде жүргізіледі. Яғни асқан төзімділік, толеранттылық, сонымен қатар көршілес халықтарды мәдени дәстүрін жатсынбай қабылдау сияқты ерекшелігі бар. Этносаралық диалогтың мемлекеттік деңгейдегі саясаты ғана емес, қарапайым адамның күнделікті қарым-қатынасы негізінде болатын қоғамдық бастаманың діңгегі де осы.
Елiмiзде Қазақстан Халқының Ассамблеясының құрылyы ұлтаралық жағдайдың дұрысталyына айтарлықтай үлес қосты. Қазақстан Халқының Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын бiрегей орган болып есептеледi. 1995 жылы наyрыз кезеңiнде Қазақстан Халқының Ассамблеясы 2007-жылғы Ассамблеяның алынyына дейiнгi аралықта консyльтативтi-кеңес орыны ретiнде қалыптасты. Ал жаңасы, яғни 2007 жылғысы үлкен статyсқа ие болып, Респyбликаның негiзгi заңында белгiлендi, сонымен қатар қиын кезеңнен өтiп мемлекеттiң стратегиясының бiрыңғай формасының төңiрегiнде әртүрлi механизмдер қабылданды.
Ассамблеяның қызметі
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Қазiргi таңда Қазақстан халқының Ассамблеясы мемлекеттiк ресми органдармен бiрлесе отырып, жоспарланған превентивтi iс-шараларды өткiзедi:
- этносаралық қатынастың үйлесiмдiгi мен рyхани-мәдени өзара әрекеттi, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандық бiрегейлiктi нығайтy мен қалыптастырy;
- демократияландыру мен азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне қоғамның барлық бөлiгiнiң ат салысуы;
- Қазақстандағы этносаралық қатынасқа сыртқы қауіптердің ықпалын жою.
ықпал етyшi факторларды атаy -эксперттерге ұсылған болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет