Есімов Ахметжан Смағұлұлы-1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысы, Қаскелең ауданы Интернационал ауылында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін, КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген, экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1968 жылы «Дружба» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері. Институтты бітіргеннен кейін «Ленин» кеңшарында инженер-механигі, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылымизерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1979 жылы Қазақстан Компартиясының Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, содан кейін «Ленин» кеңшарының партком хатшысы болып сайланды. 1982 жылдан Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы. 1983 жылдан - «Ленин» кеңшарының директоры. 1985 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1986 жылы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1988 жылдан Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасарыоблыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы. 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, 1991 жылы Қазақ КСР ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің бірінші орынбасары қызметтеріне тағайындалды. 1991 жылдың қыркүйегінен 1992 жылдың ақпанына дейін Алматы облыстық халықтық Депутаттар кеңесінің төрағасы, содан кейін 1994 жылдығ желтоқсанына дейін Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан 1998 жылға дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің жетекшісі. Бірнеше жыл бойы Бельгия Корольдігінде, Нидерланды Корольдігінде және Люксембург Ұлы Герцогтігінде Төтенше және Өкілетті елші лауазымында Қазақстанның мүддесін қорғады. Қазақстан Республикасының ЕО және НАТО жанындағы өкілдігін басқарды. 2001 жылдың мамырынан 2006 жылдың қаңтарына дейін Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылдың 19 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігін қайтадан басқарды. 2008 жылдың 4 сәуірінен Алматы қаласы Мәслихатының 9-шы кезектен тыс сессиясы бірауыздан қала әкімі лауазымына А.Есімов кандидатурасын бекітті. 2008 жылдың 16 қазанында «Нұр Отан» ХДП қалалық кезектен тыс VIII конференциясында «НұрОтан» партиясының қалалық филиалының төрағасы болып сайланды. 2015 жылдың 9 тамызында Қазақтан Республикасы Президентінің өкімімен «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.