1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсын оқудың маңызын түсіндіріңіз. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы»


Қазіргі Қазақстан территориясындағы көші-қон және демографиялық процестерді бағалаңыз



бет44/65
Дата25.12.2021
өлшемі300,66 Kb.
#105377
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
Гос экзамен жауаптары

51. Қазіргі Қазақстан территориясындағы көші-қон және демографиялық процестерді бағалаңыз.

Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер.


XX ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр басында қазақ даласы тұрғындарының негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл адамдары болған ел тек ғасыр соңында ғана қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды. Қазақ халқы талай «тар жол — тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей байланысты. Патша үкметінің Қазақстанға шаруалар мен әскери-казактарды қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы мен Қазан төңкерісінен кейінгі «Кіші Қазан төңкерісінің» салдары, 1921-1922 жылдар, 1931-1933 жылдар аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының зардаптары, өңдірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың және тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар» нәтижелері көңілді қынжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді. XIX ғасыр мен XX ғасыр басында жүргізілген қоныс аудару саясаты кезінен Қазақстанның кейбір аймақтарында негізгі көпшілік болып орналасқан орыс-казак келімсектерінің бұдан кейінгі кезеңдердегі өсіп-өнуі мен республика аймақтарына орналасу ерекшеліктері де бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде болып жатқан ұлтаралық қарым-қатынастағы құбылыстардың астарын түсінуге өз септігін тигізеді. XX ғасырда өткен демографиялық үрдістердің ауқымының кеңдігі мен күрделілігі Қазақстан халқының өсіп-өну тарихын зерттеудің ғылыми және қоғамдық сұранысқа ие, өзектілігі күшті екендігі еш күмән туғызбайды. Әлеуметтік-саяси, экономикалық үрдістер республика халқының құрамында, оның табиғи қозғалысы, көші-қон процестері, әлеуметгік құрылымы және т.б. көрсеткіштерінің өзгерістерінде демографиялық дағдарыс сипатында көрінді. Мысалы, 1937 жылы республика халқы 1926 жылғы санақпен салыстырғанда 1,3 есе, соның ішінде, қазақтар — 1,7 есе, украиндар — 1,6 есе, өзбектер — 1,9 есе, қырғыздар — 2,1 есе, басқа ұлт өкілдері — 1,6 есе кемісе, елге сырттан қоныс аудару саясатының пәрменді жүргізілуіне байланысты орыстар — 1,5 есе, немістер — 1,6 есе, татарлар — 1,1 есе көбейген. КСРО-дағы халық санының жоспарланған деңгейден 11 миллионға кемдігін көрсеткен 1937 жылғы санақ Кеңес өкіметінің 1917-1933 жылдары жүргізген саясатының демографиялық дағдарыстарға әкелгенінен хабардар етті. Сондай демографиялық дағдарыс 1939-1959 жылдар аралығында да өтті. 1939-1959 жылдардың қазақ тарихындағы ерекшелігі сонда, егер моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ халқының шығыны нәсілдік бейнесін өзгертуге дейін жеткізіліп, жонғар шапқыншылығы кезінде 2/3-сі жойылып, ал, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық кезіңде 2,2 млн адамынан — жартысынан айырылса, 1939-1959 жылдар аралығында кеңес өкіметінің сыналап жүргізген көші-қон саясатының нәтижесінде, қазақтардың өз жеріндегі үлесі 29,8%-ға дейін төмеңдеп, Қазақстан халқының үштен бірін де құра алмаған мүшкіл жағдайды бастан кешті. Н.Ә.Назарбаев 2003 жылдың 3 сәуіріндегі Қазақстан халқына Жолдауында халық санын 2015 жылға дейін 20 миллионға жеткізу қажеттігіне баса назар аударды. «Тез арада етек жеңімізді жимасақ, өте ауыр жағдайға тап болуымыз мүмкін» деген ескертуі еліміздің экономикалық дамуы мен ұлттық біртұтастығымызға, еркіндігімізге қауіп туғызар жағдайдан сақтандырар ой болып табылады. Жамбыл облысындағы көп балалы аналардың республиканың барлық әйелдеріне үндеуінде көрсетілгендей, төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеудің ел, мемлекет мүддесі үшін қаншалықты қымбат екені түсінікті. Ол үшін отбасын бір-екі баламен шектеуге көшкен аз балалық принциптен айрылуымыз керек. Соңдай-ақ, мемлекет тарапынан әйел мен баланы, некені, отбасын қолдауды күшейтетін және жаңа үйленгендердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын шаралар да өте қажет. Айта кететін бір жайт: 1950-жылдардан бастап, халықтың 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы нәтижесінде төмендеп кеткен саны мен табиғи өсімін көтеру мақсатында бірқатар әлеуметтік жағдайлар жасалыңды. Он жылдық білім енгізілді, жалақы мөлшері өсті, ауруханалар салынды, тұрғын үйлер салу қолға алыңды («хрущевтык үйлер»), екіқабат әйелдерге жағдай жасалып, балалы әйелдерге берілетін жәрдемақы енгізілді, тегін дәрігерлік көмек халықтың барлық әлеуметтік тобына қызмет етті. Міне, осы жағдайлар 1960-1962 жылдары Қазақстандағы «демографиялық жарылысқа» мүмкіндік туғызды, Қазақстан халқы осы жылдары 22-25% аралығыңда өсім берді. Ал, қазіргі еліміздегі ақылы медицинаның кең етек жаюы, емханалардың жабылуы, тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі, жастар арасындағы жұмыссыздык, жәрдемақылардың берілмеуі немесе төменгі мөлшері және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жасалмауы табиғи өсімнің төмендеуіне әкеліп, болашақта қазақ халқының санының кемуі қаупін туғызуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет