1. ҚАзіргі экономикалық теорияның зерттеу пәні және әдістері экономика – гректің «ойкос, экос»



бет2/3
Дата18.09.2023
өлшемі19,07 Kb.
#181425
түріАнализ
1   2   3
Байланысты:
Лекция №1

Арнайы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты бір белгілі нысандарын дамытумен байланысты заңдар.
Ерекше экономикалық заңдар – олардың іс-әрекет жүргізу жағдайлары сақталатын нақты бір тарихи дәуірлерге тән заңдар.
Жалпы экономикалық заңдар – адамзаттың барлық тарихи дәуірлеріне тән заңдар. Олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді үдеріс етіп байланыстырады. Бұған мәселен, қоғамдық еңбек бөлінісі заңы және басқа да заңдар жатады.
МЕРКАНТИЛИЗМ. Экономикалық теориядағы алғашқы мектеп – меркантилизм. Бұл бағыт ұлттық табыстың негізгі көзі деп байлық ретінде саналатын алтын мен күмісті жинау мәселесін қарастырды. Бұлар байлықтың көзі тек саудада деп түсінді, яғни сырттан бағалы металлдарды арзанға сатып алып елге жинай беру және оларды басқа елдерге қымбатқа сату.
ФИЗИОКРАТТАР. Бұл мектептің негізін француз ғалымдары Франсуа Кенэ (1694-1774) мен Анн Тюрго (1727-1781) салды. Физиократтар экономикалық ғылымда айтарлықтай бетбұрыс жасады. Олар бірінші болып өндіріс аясына көңіл бөлді. Олардың ойынша, байлықтың көзі сауда емес, өндіріс. Өндіріс ретінде олар ауыл шаруашылығы саласын ғана жақтады, яғни ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың еңбегі арқылы ұлттық табыс жасалады, ал жертабиғаттың берген сыйы, олай болса, жерден алынған өнім ғана қосымша пайданы арттыра алады деп дәріптеді.
КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ. Саяси экономияның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлесті ағылшын экономистері Уильям Петти (1623-1687), Адам Смит (1723-1790), Давид Рикардо (1772-1823), Джон Стюарт Милль (1806-1873), француз экономисі Жан Батист Сэй (1762-1832) қосты. Классиктер (бұларға «классиктер» деген атақ берген Карл Маркс еді) физиократтарды сынай отырып, байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы ғана емес, барлық өндіріс салаларындағы еңбекпен алынатындығын қадап айтты.
МАРКСИЗМ. Басты өкілдері неміс экономистері Карл Маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895) еңбек құнының теориясы негізінде классиктердің тұжырымдамаларын жалғастырып нарықтық шаруашылықты тереңірек зерттеді. Маркс «капитализм» ұғымын қалыптастырды. Бұлардың ойынша, тек жалдамалы жұмысшылардың еңбегі ғана қоғамның байлығын жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет