4) Ханой мұражайлары, Ханой, Вьетнам
2010 жылы салынған мұражай ғимараты көптеген су айдындары бар саябақта орналасқан. Квадрат ғимарат, ең алдымен, көрме залдарының үш қабатын біріктіретін дөңгелек атриумға әсер етеді. Бұл Ветнамдағы ерекше архитектурасымен танымал мұражай. Сонымен бірге мұражай көбіне ерекше коллекциясымен, сонымен бірге Ветноам тарихынан сыр шертеді.
5) Гуггенхайм мұражайы, Бильбао, Испания
Қазіргі заманғы өнер мұражайы Нервьон өзенінің жағасында американдық-канадалық сәулетшінің жобалары бойынша 1997 жылы тұрғызылған. Ғимарат футуристік кеменің абстрактілі идеясын бейнелейді, бірақ биіктігі 55 метрлік орталық металл атриум адамдарға басқа суреттерді салады: құс, ұшақ, супермен, артишок немесе тіпті гүлденген раушан.
Гуггенхайм мұражайы Испанияның Бильбао қаласында орналасқан қазiргi көркемөнер мұражайы. Соломон Гуггенхаймның қазіргі көркемөнер мұражайы филиалының бірі болып табылады. Нервьон өзенінің жағасында орналасқан. Мұражайда тұрақты экспозициялар орналасқан, сонымен бiрге испандық және шетел сүретшілердің уақытша көрмелері өткiзiледi.
3. Архив және құқықтық бақылау.
Ұлттық архив қоры және архивтер туралы. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 326-I Заңы қабылданған болатын. Өзгерістерге келетін болсақ Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасының сақталауының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылы 9 маусымдағы №172 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылы 17 тамыздағы №301 бірлескен бұйрығы 1-қосымша бекітіліп жөнделген болатын.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Мәдениет және Cпорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті бар және оның төрағасы Борашев Қуат Қаһарманұлы. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. Комитет мемлекеттік мекеме түріндегі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға саналады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер заңнамаға сәйкес, осыған уәкілеттік берілген болса Комитеттің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды. Комитеттің құрылымын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |