1. Қазіргі заман Қазақстан тарихының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі заман Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу


) Азық – түлік салғырты енгізілді



бет25/40
Дата27.03.2022
өлшемі376,37 Kb.
#136991
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
Байланысты:
ТАРИХ СЕССИЯ ..

1) Азық – түлік салғырты енгізілді.
2) Жеке саудаға тыйым салынды.
3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6) Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды


17.Қырғыз АКСРнің құрылуы 1924 жылғы әкімшілік аумақтықты межелеу
Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылға дейін өмір сүрген мемлекет.Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» атты әскери-әкімшілік орган құрылды. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев, Ә.Әйтиев, А.Авдиев т.б. болды. Әскери-азаматтық билік берілген комитет, әртүрлі жұмыстарды атқарды, оның ішінде, сол кезде маңызды болған «әскери коммунизм» саясатын іске асырды, тек автономия мәселесімен айналысқан жоқ.
1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП/б/ Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы В. Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.


ҚырАКСР-ның құрамына: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері бар Семей облысы; Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері бар Ақмола облысы; Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері бар Торғай облысы; Орал, Ілшібін, Темір мен Гурьев уездері бар Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі; сол облыстың Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары; Астрахан губерниясынан: Синеморск болысы, Бөкей ордасы және 1-ші, 2-ші Приморье окрутеріне жапсарлас жатқан болыстар енді. Территориялық мәселелерді шешуде әртүрлі пікірлер айтылды. Пікірсайыс барысында қазақ халқының тарихын жақсы білген ұлы тұлғаларымыз – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлимхан Ермеков және т.б. ресми кұжаттарға сүйене отырып, қазақтың жерін жинап бергенін есімізден шығармаған жөн. Олар Ресей империясының кезінде отаршылдық мақсатпен қазақтың жері түрлі әкімшілік бөліктерге бөлініп, дәстүрлі шаруашылығы мен ру-тайпалық қарым-қатынастың ескерілмегені, соның салдарынан, біртұтас қазақ жерінің бірнеше республикалардың құрамында екенін дәлелдеп берген. Сонымен қатар, 1917-1920 жж. Алаш зиялыларының құрған «Алаш» атты ұлттық-территориялық автономиясына еңген территориямен салыстырсақ болады. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда өткен ІІ Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулыдан үзінді келтіруге болады: «Тегі бір, мәдениет, тарихы бір және тілі бір Қазақ-Қырғыз халқы басым тұтас аумақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарының, Фергана, Самарканд уездері, Закаспий облысы қырғыздарының, Алтай губерниясының жапсарлас жатқан қырғыз болыстарының аумақтық-ұлттық автономиясы құрылсын» делінген.
Сұлтанбек Қожанов өз кезегінде Орта Азия Федерациясын құру жөнінде бастама көтерді. Ол өлкеде ту тіккен республикаларды алдымен экономикалық қауымдастыққа, содан соң Орта Азия федерациясына біріктіру, сосын экономикалық және саяси-әкімшілік тұрғыда қалыптасқан қуатты құрылым ретінде, Республикалар Одағына — КСРО-ға кіру бағытын ұстанды /6/. Өйткені дәл солай 1922 ж Закавказье Федерациялық Социалистік Республикасы құрылған болатын. Оған грузиндер, армяндар, әзірбайжандар біріккен еді. Бірақ С.Қожановтың бұл идеясын Ортаазбюро қолдамай тастайды. Ол жөнінде И.Варейкис өз пікірін білдіріп, бұл идеяны болашақтың ісі деп қарастырады. Менің пайымдауымша – деп жазды И.Ворейкис –Қазреспубликаның Орта Азия бірлестігіне кіруін мына себепті уақытша тоқтата тұру керек. Бірінші ой қорыту бойынша, Қазреспублика экономикасының қай орталыққа таралуы әлі нақты анықталмаған (оны Қазреспубликасының өзі де дәл білмейді), тіпті бүкіл Қазақстан үшін тартылыс орталығы болатын сондай орталық бар ма екен? Бұл нәрсе әлі анықталмаған. Екінші ой қорыту, Қазақстан орасан үлкен аумақты алып жатыр, ол автономиялы республикаларын қоспағанда РКФСР аумағына тең. Қазақстанның бір шеті Амударияға тіреліп, Өзбекстан шекарасына жетеді, екінші бөлігі Алтай, Томскіге созылып жатыр, тағы бір бөлігі Самараға сәл жетпейді. Осы себептерге байланысты И.Варейкис Қазақстанның Орта Азия бірлестігіне кіруіне қарсы болды /7/. Осылайша қазақ зиялыларының бірігуге бастаған ұсыныстары қабылданбай тасталды. Сөйтіп, И.Варейкисше айтсақ енді «үлкен бір пәтердің жеке бөлмелері» анықталатын болды.1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв версті құрды. Бұл аумақ Орта Азиядағы жаңа республикалар аумағынан әлдеқайда көп. Мысалы, Түркімен КСР-нің аумағы 380325 кв верст, Өзбек КСР-нің аумағы 158980 кв версті құрады /10/. Межелеу жұмыстары барысында оны жүзеге асырушы қайраткерлердің мақалалары мен пікір сайыстары өтіп тұрды. Сондай-ақ республиканың басшы өкімет органдары даярлаған «Түркістанның қазақ аумағын Қазақ АКСР-не біріктіру мәселесі және Орта Азия ұлттық принцип бойынша мемлекеттік межелеу проблемасы» деген баяндама тезистері жасалды /11/. Бұл тезистердің бір нұсқасы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатында 243 қорда сақтаулы. Бұл тезистер межелеуді жүргізуде негізге алынды және баяндамаларда ерекше бағыт ретінде пайдаланылды. Тезистер 4 бөлім, 30 тармақтан тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет