-химиялық синтез жолымен – синтетикалық препараттар алынады;табиғи антибиотиктердің аналогтарын жасанды жолмен жасап шығарады.
2.Алу көздеріне байланысты:
-көгерген саңырауқұлақтардан
-актиномицеттерден
-бактериялардан
-өсімдіктерден/фитонцидтер:жуа, чеснок/
-балық пен жануарлар тіндерінен;
3.Әсер етуіне байланысты:
-антибактериалды
-ісікке қарсы
-саңырауқұлақтарға қарсы
4.Әсер ету спектрі бойынша:
-кең спектрлі/3-ші ұрпақты цефалосопориндер, макролидтер/
-белгілі бір микрорганизмдер түріне ғана әсер ететін антибиотиктер/линкомицин, бензилпенициллин/
5.Бактерия жасушасына әсер ету сипаты бойынша:
-бактерицидтік – ауру қоздырғышын толығымен жою;
-бактериостатикалық – жасуша өсу мен көбеюін тоқтатады, ары қарайғы жұмысты адамның өз иммунитеті атқарады.
6.Химиялық құрылысы бойынша:
Бета -лактамдар. Бұларға пенициллин, карбопенем, монобактам мен цефалосопориндер жатады. Табиғи және жартылай синтетикалық препараттар. Бактерицидті әсер етеді. Пенициллаза ферменті әсерінен қорғалмаған, асқазанның қышқыл ортасында тез бұзылады. Мысалы: бициллин, оксациллин, амоксициллин т.б. Цефалосопориндер табиғи және жартылай синтетикалық препаратттар. 4 ұрпағы бар, қасиеттері бойынша олар бір бірінен ерекшеленеді, сол себепті олар бір бірін алмастыра алмайды. 1-ші ұрпақ: цефалотин, цепорин. 2-ші ұрпақ: цефазолин, цефаклор. 3-ші ұрпақ: цефтриаксон, цефотаксим. 4-шң ұрпақ: цефепим, цефпиром.
Аминогликозидтер токсикалық әсері жоғары-бактерицидті препараттар. Механизмі үшін аэробты орта қажет, сол себептә абсцесс және т.б.жағдайларда бұл топ антибиотиктері өз қызметін атқара алмайды. Мысалы: стрептомицин, гентамицин т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |