171-бап. Келісу комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру 1. Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады.
2. Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеу тәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келісім бойынша қызметкерлердің жалпы
жиналысында (конференциясында) белгіленеді.
3. Келiсу комиссиясының қызметкерлерден тұратын мүшелерi қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келiсу комиссиясының жұмыс берушiден тұратын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен тағайындалады. Келiсу комиссиясының мүшелерi бiрiншi ұйымдастыру отырысында көпшiлiк дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды және тараптардың келісімімен медиаторды тарту туралы мәселе шешіледі.
4. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды.
5. Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.
Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 N 212-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).