203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге жұмысы жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бұл түрінің ұзақтығын, сондай-ақ оны берудің тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Ескерту. 203-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).