1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер



бет21/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255
Байланысты:
Ескерту
2 дәріс, СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
1. Еңбек шартын:
1) медициналық қорытынды негізінде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға;
2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;
3) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес белгілі бір лауазымға тұру немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;
5) білім беру ұйымынан оқу нысаны көрсетілген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсіптік даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуі туралы анықтамаларды және білім алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік студенттермен және тағылымдамадан өтушілермен;
6) отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.
1-1. Бір жұмыс беруші жеке тұлғаның бір мезгілде бестен көп еңбекші көшіп келушімен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуына жол берілмейді.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін адамға, егер мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы бір жылда мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі аталған адаммен оның құзыретіне сәйкес тікелей байланысты болған болса, мемлекеттік ұйымдарды және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп, оның iшiнде акционерi мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы өздеріне тиесiлi олардың еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы аталған еншiлес ұйымдарға тиесiлi заңды тұлғаларда болатын ұйымдарды қоспағанда, бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға жол берілмейді.
3. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметіне: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығы мен имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарының негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдар жіберілмейді.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 127-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет