1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер



бет225/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   255
Байланысты:
Ескерту

311-бап. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау құқықтарына берілетін кепілдіктер
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары ұлттық стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет