230-бап. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
25-тарауды 230-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 27.06.2014 № 212-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер 1. Азаматтық қызметші:
1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта пайдалануға;
2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық
міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысуға;
3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған мемлекеттік құпияны, қызметтік және заңменқорғалатынөзге деқұпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге құқылы емес.
2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.
Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
232-бап. Азаматтық қызметшіні басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа ауыстыру Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың басшылары арасындағы келісім бойынша басқа мемлекеттік мекемеге (қазыналық кәсіпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкін.