253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының бастамасы бойынша еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзу
Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкінің меншік иесін не ол уәкілеттік берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкілетті органын бұл жөнінде жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы тарауда белгіленген атқарушы орган басшысының еңбегін реттеу ерекшеліктері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелеріне қолданылады.
Мүліктің меншік иесі немесе ол уәкілеттік берген тұлға не заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердің еңбегін реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің,
Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының,
әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау
органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің
және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның
ведомстволары жұмыскерлерінің еңбегін реттеу ерекшеліктері
Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |