259-бап. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері Әлеуметтік әріптестіктің негізгі принциптері мыналар:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттілігі;
2) тараптардың тең құқықтылығы;
3) талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
5) тараптар мүдделерін құрметтеу;
6) ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;
7) келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өз кінәсі бойынша орындамағаны үшін тараптардың, олардың өкілдерінің жауаптылығы;
8) әлеуметтік әріптестікті нығайту мен дамытуға мемлекеттің жәрдемдесуі;
9) қабылданатын шешімдердің жариялылығы.