1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері



бет215/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   255
Байланысты:
Ескерту

300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері
1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.
2. Ереуілді басқаратын органның:
1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерін білдіруге;
2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен) қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруға;
4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға;
5) қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы бар.
3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ескертілуге тиіс.
4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері тоқтатылады.
5. Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жұмыс берушініңмемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет