1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау



бет234/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   255
Байланысты:
Ескерту

320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау
1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мерзімдік аттестатталуға жатады.
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар жұмыс берушілер бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезеңділікпен міндетті аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу тәртібін бұзушылық анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Ескерту. Кодекс 320-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет