1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



бет59/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255
Байланысты:
Ескерту
2 дәріс, СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600, Ñàïàëû î?óëû?- áîëàøà?ÒÛ? êåï³ë³ ò?ðê³ñòàí îáëûñûíû?àäàìè ?ëåóåò, 113geo10
72-бап. Тәртіптік жазалар
1. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы.
2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.
73-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртібі
1. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.
2. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолданғанға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
3. Жұмыс беруші тәртіптік жазаның түрін айқындау кезінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердің оның алдындағы және одан кейінгі тәртібін, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиіс.
4. Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін қызметкерге бір тәртіптік жаза ғана қолданыла алады.
5. Жұмыс берушінің қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы актісі:
1) қызметкердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі;
2) қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;
3) қызметкер демалыста немесе вахтааралық демалыста болған;
4) қызметкер іссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
6. Тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.
7. Қызметкер тәртіптік жаза жөнінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет