1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды өңдеу



бет55/255
Дата08.02.2022
өлшемі213,59 Kb.
#124853
түріКодекс
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   255
Байланысты:
Ескерту

64-бап. Қызметкердің жеке деректері, оларды өңдеу
Ескерту. 64-бап алып тасталды - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі міндеттері
Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
3) қызметкердің өңделетін дербес деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Кодексті және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алуға;
4) қызметкердің өзі не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келiсiмiн алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар ұсынған дербес деректерді өңдеуге;
5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің талап етуі бойынша қызметкердің дербес деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
6) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес деректерін сақтау тәртібін қамтамасыз етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен таныстыруды қамтамасыз етуге;
8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға;
9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режімін сақтауға тиіс;
10) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыруға;
11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды осы деректерді тек бұрын мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті.
Жұмыс берушінің:
1) қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпаратты талап етуге;
2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.
Ескерту. 65-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет