1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы



бет47/82
Дата15.12.2023
өлшемі488,66 Kb.
#197261
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз -emirsaba.org

Бастамашылық қабілет. Бастамашылық қабілет - жетекшінің мақсатқа жетудегі ізденіс жолында өзінің және қызметкерлерінің рөлін анықтап және құрылымдай алатын деңгей. Бұған жұмысты, жұмыстағы қарым-қатынастарды және мақсаттарды ұйымдастыруға бағытталған мінез-құлық жатады. Бастамашылық қабілеті жоғары жетекші - қарамағындағыларға тапсырмалар беретін, өнімділіктің белгілі стандарттарын белгілейтін және кесімді мерзімдерді қадағалайтын адам.
Ілтипат - адамның жұмыстағы қарым-қатынасы өзара сенім, қызметкерлердің идеяларын құрметтеу және сезімін бағалау арқылы сипатталатын деңгей. Ілтипаты жоғары жетекші жеке проблемалары бар қызметкерлерге көмектеседі, жылышырайлы және ақкөңіл, барлық қызметкерлерге тең қарайды, оларды бағалайды және қолдайды. Көбіміз ілтипатты жетекшімен жұмыс істегіміз келеді, сауалнамаға қатысқан АҚШ қызметкерлерінен жұмыста оларға ең күшті мотивация беретін не деп сұрағанда, олардың 66 пайызы бағалауды атаған.12 Шынында, бір шолу ілтипаты жоғары жетекшілердің қарамағындағылардың жұмысқа қанағаттануы мен мотивациясы және жетекшісіне деген сый-құрметі жоғары болғанын анықтады.
Мәдени айырмашылықтар
Мінез-құлық теориялары бойынша жүргізілген тестілердің әртүрлі нәтижелері бағыныштылардың артықшылықтарына, әсіресе мәдени артықшылықтарына тиесілі. 4-тарауда талқыланған GLOBE бағдарламасының 62 елдегі 825 ұйымның 18 мың жетекшісіне жүргізген зерттеуі бастамашылық қабілет пен ілтипат артықшылығында халықаралық өзгешеліктер болатынын көрсетті.13 Зерттеу нәтижесінде ілтипаты жоғары жетекшілер мәдени құндылықтар біржақты шешім қабылдауға ықпалетпейтін Бразилия сияқты елдерде жақсы жетістікке жеткенін анықтады. Бұл жайында бразилиялық менеджер былай дейді: «Біз өз бетінше шешім қабылдап, топтың қатысуынсыз жеке әрекет ететін жетекшілерді жақтырмаймыз. Бұл - біздің ерекшелігіміз». Сондықтан тиімді болу үшін Бразилиядағы команданы басқаратын америкалық менеджердің ілтипаты жоғары, командаға көңіл аударатын, көпшіл және адамгершілігі мол болуы керек. Керісінше, француз жетекшілерінде бюрократтық көзқарастар басым, сондай-ақ олар адамгершілік пен ілтипатқа сараң келеді. Бастамашылық қабілеті жоғары (тапсырмаға мән беретін) жетекші онда табысқа жетуі мүмкін және шешімдерді автократиялық әдіспен қабылдай алады. Ілтипаты жоғары (адамдарға мән беретін) менеджер Францияда қарсылыққа тап болуы мүмкін. Басқа елдерде екі өлшем де маңызды болуы ықтимал, мысалы қытай мәдениетінде сыпайы, ілтипатты және риясыз болуға айрықша мән беріледі, бірақ онда өнімділік бағдары да жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет