№1 басылым 09. 06. 2016 ж беттің -шісі



бет1/6
Дата22.08.2017
өлшемі1,16 Mb.
#24489
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18.-17.02/01 – 2016


№1 басылым 09.06.2016 ж.

беттің -шісі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18.-17.02/01 – 2016



«Педагогика» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар

№ 1басылым _09.06.2016


ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Педагогика»

«5В011900» – «Шетел тілі: екі тіл»мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2016




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық жұмыс (проект)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ


Термин атауы

Термин мазмұны

Педагогика

Грек тілінен аударғанда- баланы жетелеуші.

Жеке тұлға

Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі.

Индивид

Латын тілінен аударғанда “жекелік” деген мағынаны білдіреді.

Инновация

жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді.

Даралық

Бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге ұқсамайтындығы туралы сипаттама.

Даму

Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс.

Дидактика

ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді.

Акселерация

Физиологиялық және психикалық даму процесінің

Тәрбиелеу

әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғарғы адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.

Технология

грек сөзі, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді.

Ұжым

Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы.

Білім беру

Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің , дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани , денелік және еңбек қаблеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.



2 ДӘРІСТЕР

1-тақырып: Педагогиканың жалпы мәселелері.

1. Педагогика пәні.

2. Педагогиканың негізгі ұғымдары.

3. Педагогиканың міндеттері.

4. Педагогика ғылымының салалары.

5. Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы.

Педагогика пәні, адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдарының бірі. Сондықтан педагогика ілімін адам баласының саналы өмірімен ұштастырып, оның көне заманнан бастап орын алып келе жатқанын, ешбір дәлелдерге сүйенбей-ақ оңай түсініге болады.

Адамзат қоғамның дамуына байланысты ғылым-білімінің дамуы, тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Жинақталған ғылыми мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесі қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және методологиялық жолдарын қарастырады.

Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау өрісі кеңейе түсуде. Олай болса педагогика тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен ролін анықтайды.

Педагогика термині гректің екі сөзінен: «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Педагогика пәні қоғамның талабына сай өскелең жас ұрпақтың тәрбиелеу, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Т.А. Ильина педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның, жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу деп дәлелдеген.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие.Тәрбие дегеніміз адамдарды қоғамдық өміргі және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа, қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі болып табылады. Тәрбие – белгілі жоғары мақсатқа бағытталған процесс;


  • жас ұрпақтың рухани-дене күштерін дамыту;

  • ғылыми-материалмстік дүние тануды қалыптсатыру, қоғамға сай ережелерді меңгеру;

  • қоғам өміріне, қоғамдық өндірістің белгілі саласына қатысуға дайындығы болу міндеттерін қамтиды.

Білім беру деп табиғат және қоғам жайлы ғылымдар жинақтаған білім жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Бұл ұғымды тұңғыш рет еңгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоции.

Оқыту – бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрект жасау үрдісі. Бұл үрдістің барысында білім беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу үрдісі. Жеке адамның дамуына жетіліуне мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие мен оқыту шешуші роль атқарады.нә

Қазіргі қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі үздіксіз білім алу принципі негізінде халық-ағарту жүйесін қайта құруды талап етіп отыр. Сондықтан «өздігіне білім алу» заңдылығы, оның мазмұны қазіргі қоғам дамуының қажеттілігіне айналды. Осыған орай педагогиканың анықтамасының құрамына: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» ұғымдарымен қатар «өздігінен білім алу» ұғымын аламыз.



Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы міндет көздеген жұмысы, өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы білімін жетілдіру болып табылады.

Сонымен бірге адамның «жетілуі», «дамуы», «өзін-өзі тәрбиелеу» ұғымдармен бүгінгі педагогикада өзінің зерттейтін проблемаларының шеңберін толықтырады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогиканың міндеттері:


  1. Үздіксіз білім берудің бірынғай жүйесін жасау.

  2. Халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие үрдісін интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуалдандыру, индивидуализациялау және демократияландыру, ғылыми теориялық прициптерін ашу.

  3. Қоғам өміріндегі тәрбиенің ролі мен жеке адамның қалыптасуы туралы оқушылардың жеке тұлға ретінде танымдық ерекшеліктерін ескеру, қоғам дамуы мен жеке бастын өзара қарым-қатынасы жайындағы теориялық мәселелерді айқындау.

  4. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.

  5. Оқыту үрдісін «технологияландыру», оны оқыту үрдесіне еңгізу.

  6. Халық педагогикасының педагогиа ғылымындағы орнын, жүзеге асырылу жолдарын айқындау, ұлтымыздың ерекшеліктерін білім мазмұнына еңгізу.

  7. Қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік орнын және оқу-тәрбие үрдісіндегі ұстаздық ролі мен маңызын көрсету және елімізде үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен білім алудың ғылыми- практикалық негізін айқындау жатады.

Педагогика ғылыми пән ретінде және өзінің тарихи даму барысында мынадай салаларды қамтиды:

1. Жалпы педагогика – барлық жастағы жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесіне ортақ негізгі заңдылықтары мен принциптерін зерттейді.

2. Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейді.

3. Мектеп педагогикасы – мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтары мен ерекшеліктерін, оны ұйымдастыру жолдарын қарастырады.

4. Жоғары мектеп педагогикасы – жоғары оқу орындарындағы оқитын жастарды тәрбиелеу мен оқытудың заңдылықтарын зерттейді.

5. Арнаулы педагогика бірнеше салаға бөлінеді:

- сурдопедагогика – саңырауларды оқыту және тәрбиелеу педагогикасы;

- тифлопедагогика – соқырлар мен көзі нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейтін педагогика;

- олигофренопедагогика – ақыл-ойы кемшіл балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді;

- логопедия – тілінің кемісі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

6. Педагогика тарихы - әртүрлі тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар мен тәрбиенің даму тарихын зерттейді.

7. Оқыту әдістемесі - әртүрлі оқу пәндерін оқыту әдістемесінің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогика ғылымының пайда болуы мен дамуы.

Педагогикалық ойлардың дамып жетілуі ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдері Сократ (469-399), Платон (427-347), Аристотель (384-322), Демокрит (460-370) еңбектерінде саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлерімен жалғасын тапты.

Құлдық қоғам дәуірінің ойшылдары Платон және Аристотель тәрбие мен оқытуды мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептей отыра, құлдардың балаларына білім беруге қарсы болды, дене еңбегі құлдардың төл ісі деп санады, тәрбиенің мақсатын өздері өмір сүріп отырған қоғамдағы мемлекеттің саяси міндеттерімен ұштастыруға тырысты. Дегенмен де олар өздерінің философиялық еңбектерінде падагогикаға қатысты адамдардың рухани өмірінің кейбір заңдарын ашты, тәрбие қызметінде басшылыққа алуға қажет болатын бастапқы бірқатар ережелерді қалыптастырады.

Қайта өрлеу дәуірінде (XIV-XVI ғ.) оқу-тәрбие мәселелері жайында “гуманистік” бағыт қалыптасты. Олардың қатарында социал-қиялшылдар француз жазушысы Франсуа Рабле (1494-1533), ағылшын Томас Мор (1478-1535), италяндық Томаззо Кампанелла (1568-1639) педагогикалық ойдың көрнекті өкілдері болды. Олар жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деген көзқарасты ұсынды. “Гуманист педагогтар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика, астрономия, механика, жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті. Олар баланы бағалауды жақтады”.

Педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1671). Оның “Ұлы дидактика” атты ғылыми еңбегі – педагогика теориясындағы тұнғыш шығармалардың бірі.

“Ұлы дидактика” – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. “Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін “адамгершілік шеберханасы” болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.

Педагогика ғылым ретінде дамудың ұзақ жолдарын өтті. Қоғамның дамуымен бірге оның бала тәрьиесі жөніндегі тәжірибесі, ойлауы да өсті.

Педагогикалық теорияның дамуына одан әрі үлес қосқан “прогресшіл” көзқарастың өкілдері: ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704), француз ойшылдары Клод Адриан Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784), француз жазушысы, ағартушы-философы, революционер Жан Жак Руссо (1712-1778), швейцарияның педагог-демократы Иоганн Генрих Песталоции (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверк.

XVIII ғасырдағы философ-ағартушылары сияқты педагогикалық ойлардың дамуына нәтижелі үлес қосқандар XIX ғасырдың социал-қиялшылдары Клод Анри Сен-Симон (1760-1825), Шарль Фурье (1772-1837), Роберт Оуэн (1771-1858). Олар өз дәуірндегі капиталистік қоғамды сынап, адамды адам қанау жойылатын жаңа социалистік қоғамды аңсады.

Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы К.Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана – тілі”, “Педагогикалық антропология” атты құнды еңбектері орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, әрі оның бұл еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.

“К.Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болу керек деген халықтың идеясында еді”.

Прогресшіл орыс педагогтарының идеялары қазақ халқының ағартушы қайраткерлерінің әлеуметтік-саяси, философиялық және этикалық көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізді. Халқымыздың ардақты ұлдары, ағартушы-ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865), аса көрнекті ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаев (1845-1904) өз елін прогресс жолымен алға қарай бастады. Олар қазақ халқының азабын жеңілдетудің бірбен-бірі жолы - өнер-білімді, мәдениетті жетілдіру деп біліп, сауатсыздық, теңсіздікпен күресіп, өз өмірлерін осы мұратқа жетуге арнады.

Қазақ халқының біртуар ұлдары Ахмет Байтұрсанов, Мағжан Жұмабаев және Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика саласындағы еңбектері өз алдына бір дәуір.

Лингвист-ғалым, ағартушы педагог, тамаша ақын, әрі қоғам қайраткері

А. Байтұрсыновтың ағартушылық жайындағы ой-пікірлері мен көзқарасы, осы саладағы қызметі қазақ халқының рухани дүниесін көтеруде әлеуметтік мәні зор. Ол ағартушылық, ғалымдық қызметтеріне, мемлекеттік басқару-ұйымдастыру жұмыстарын ұштастыра білді.

А. Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ графикасымен айналысып, 1912 жылы араб жазуын қазақ тіліне икемделген нұсқасын, әлішбиін қазақ жұртшылығына ұсынды.

Қазақ АССР-інің тұнғыш Оқу-ағарту комиссары, қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының педагогика саласында атқарған қызметі ұшан-теңіз. «Ересектерге» атты сауат ашуға арналған оқулық кітабы мен 1923 жылы Орынборда басылып шыққан «Педагогика» еңбегі қазақстандағы ағартушылық ісінде маңызы зор педагогикалық еңбектер.

Ж, Аймауытов халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, ғылымның әр саласынан жан-жақты білім алуға шақырған көптеген еңбектер жазды.

Совет мектебінің ірге тасын қалауда, советтік педагогиканың негізін құрып, дамытуда аса көрнекті қызмет атқарған Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1935), Надежда Констиновна Крупская (1869-1939), Михаил Николаевич Покровский (1868-1932) болды.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе совет педагогикасының алғашқы кезінен-ақ қалыптасты. Бұл бағытта көрнекті совет педагогтері Антон Семенович Макаренко (1888-1939) және Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өздері басқаратын тәрбие мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысының коммунистік тәрбие теориясына негізделген жүйесін жасап, іс жүзіне асырды.



Негізгі ұғымдар: педагогика, әдістеме, философиялық бастаулар, тәрбие, әлеуметтену, педагогика салалары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Осы заманғы педагогиканың дамуы қандай әдіснамалық шарттарға негізделеді?

  2. Педагогика жүйесіне енетін ғылыми салалардың түрі мен олардың мазмұны қандай?

  3. Педагогиканың негізін салушы ғалымда кімдер және олардың идеялары қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006

  5. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. А., «Мектеп», 1984

  6. Мадин И.Б. Қазақстанда совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы. А., «Мектеп», 1979

  7. Алтынсарин Ы. Таңғдамалы шығармалары. А., 1995

  8. Ушинский К.Д. Толық шығармалар жинағы, 8-том, 1950


2-тақырып: Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері

  1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялықілім ретінде.

  2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.

  3. Теориялық деңгей әдістері.

Әрбір ғылым өзінің дербес методологиясын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Б ұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.

Тәрбие мен оқытудыңнәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістердіқолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, Жан-жақты дамуына, және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика,химия ) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Алпедагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі педагогикалық зерттеудің объектісі- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процеске ішкі және кейбір сыртқы факторлар( даму процесінде оқушыда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б. ) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл- теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл- осы жүйені тану жолы.

Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру керек. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды.Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі, зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді.Сондықтан, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснамада, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттер бар:

а) факотлогиялық материялдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді;

ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады;

б) теорияның логикасы мен құрылысы;

в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;

г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол- жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Экспериментальді-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) .



1.Бақылау әдісі. Бұл –педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі( сабақ, экскурсия, лабораториядағы шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары) , жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде творчестволықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді.Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.

Педагогикалық бақылау- бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б. ) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зертеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе протоколға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикпалық құбылыстың ішкіпроцесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.



2.Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.

Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалім мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушылар зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті және әдептілікті талап етеді.

Әңгіменің барысы протоколға жазылады. Кейде зерттелушіге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана тиімді нәтиже береді.

3.Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп аталады.

Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе активті эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынысы бойынша екінші бір Адам жүргізсе пассивті эксперимент деп атайды.

Соңғы кезде педагогикалық зерттеулерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі- табиғи эксперимент-бұл сыныпта, бүкіл ұжымда оқу- тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық мәселелерді зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.

Оқу мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін – арнаулы эксперимент жүргізіледі.

Педагогикалық құбылыстардыұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін- лабораториялық эксперимент деп атайды.

4. Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәне графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.

Зерттеуші оқушылардың жұмысына жан-жақты талдау жасайды. Сабақ процесінде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуінің, олардың жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияты дидактикалық мәселелерді қолданудың тиімді жолдарын іздестіреді.



5.Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

6.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу- тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқкшыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердіңерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

3. Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі – теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көметеседі. Теориялық деңгей әдістері:

1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасы скеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.

2. Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатыстық-қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек.

Конъюнкция (лат. сonjuction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Cондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.



3.Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.

Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.

4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

5.Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерртеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерртеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның модкелі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады.Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру үшін зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет.

8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.



Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.

  1. Педагогикалық байқау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады.

  2. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдіс ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі куні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.

  3. Интервью алу әдісі әңгімелесудің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгімелерден айырмашылығы – интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптпры жазылып алынады.

  4. Сауалнама әдісі зерттеліп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшілік пікірін білу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізіледі. Ол көпшіліктің жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негізінде атқарылады.

  5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатан көздейді.

  6. Педагогикалық эксперимент әдісі деп педагогиканың зерттеу әдістнрінің қорытындысына сүйеніп, тұжырымдардың дәлелдігін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс. Түрлері: табиғи эксперимент күнделікті өмір жағдайына үйымдастырылса; лабораториялық эксперимент арнайы жасалған жағдайлар негізінде жүргізіледі.Эксперименттің басқа да зертттеу әдістерінен айырмашылығы – оның қорытындысы және нақты, объективті нәтижесінің болуында.

  7. Кибернетикалық және математикалық әдістер педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардын өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.

Негізгі ұғымдар:ғылыми зерттеу әдістері, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Әдіснама - ғылыми таным әдістері туралы философиялықілім ретінде.

  2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің өзіндік ерекшеліктері қандай?

  3. Теориялық деңгей әдістері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


3-тақырып: Дидактика білім беру және оқыту теориясы.

  1. Дидактика пәні және категориялары.

  2. Оқыту процесінің ерекшеліктері.

  3. Педагогикалық процестің құрылымы.

Оқыту процесі, тәрбие процесі секілді педагогиканың аса бір маңызды саласы. Оның ғылыми анықтамасы – дидактика немесе оқыту теориясы деп аталады. Дидактика (didaktikos) деген ұғым грек тілінен алынып, оқыту немесе үйрету деген мағынаны білдіреді.

Педагогикада бұл ұғымды тұнғыш рет еңгізген неміс педагогы В. Ратке (1571-1635) болды. Оның пайымдауынша дидактика оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.

Сонымен бірге дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытудың ұйымдастырудың формалары мен әдістерін қарастырады.

Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері:



  • оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу;

  • оқытудың білімділік мазмұнын анықтау;

  • оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу;

  • оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.

Дидактиканың категориялары: білім беру, оқыту, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Оқыту – қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.

«Процесс» деген ұғым – бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.

Л.В. Занков оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет дейді. Оқыту – дидактикалық процесс болғандықтан, болашақ мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет.

Оқыту – мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.

Оқыту – таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.

Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге басқанда, әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.

Баланың оқуына күшті әсер ететін себептердің бірі- мотивтер. Мотивтер деп – белгілі әрекетке итермелейтін бағыттайтын себепті айтады. Оқушының мотивтері оның қажеттері мен қызығуларына байланысты болады. Бала жақсы оқу үшін – білімнің өмірге керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет.

Оқытудың міндеті – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда ғылыми жаңалық ашпайды, ол бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген фактілерді, заңдылықтар мен қағидаларды ұғынады, өзінің күнделікті практикасында қолданады.

Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады және мұғалімнің білімі мен мәдениет дәрежесі оқушылардың жеке басының қалыптасуына үлкен тәрбиелік ықпал етеді.

Прагматистер Д. Дьюидің басшылығымен оқыту процесінің мәнін айқындауда, оқыту барысында бала өзі өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысқа бейімдей алса болғаны – деген пікірді ұсынады. Сондықтан, олар оқытуды баланың, тек қана өзінің, білімдерін жетілдіру, жүйелі түрде кеңейту және тереңдету процесі деген қағиданы дәлелдейді.

Оқыту – даму негізі. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің мына сөздерін еске алғн жөн. Жақсы окыту деп, ол – баланың дамуынан ілгері жұретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады. Л.С. Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күні дамуына керек деп ескертеді, осыған орай, ол – бала дамуының «екі зонасы» болатынын айтады. «Бірінші зона» – бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына («екінші зонаға») жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен мұғалімніңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі әрекет. Себебі, оқыту – мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.

Сонымен бірге, оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған орай отырады.

Оқыту – бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, яғни біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жұзеге асырылады. Бұның мәнісі, жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осыған орай, оқыту процесінің бірінші қызметі – оқушыларға білім беру. Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және тұсініктермен, заңдылықтармен қаруландыруды міндеттесе, екіншіден солардың негізінде, дүниедегі әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу.

Екінші қызметі – тәрбиелеу. Оқыту процесі барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Үшінші қызметі – дамыту. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. Көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Яғни, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды.


Негізгі ұғымдар:дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Дидактика қандай мәселелерді қарастырады?

  2. Оқытудың ғылыми негіздерін атап көрсетіңіз?

  3. Оқыту процесінің құрылымын және оның буындарын сипаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004

  2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) – М.,2003

  3. Бабанский Ю. Педагогика. –М.,1988

  4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық / Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. – Алматы: Қазақ университеті, 2006


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет